Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 3 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

      29.08.2025

      67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

      28.08.2025

      Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

      23.08.2025

      “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

      19.08.2025

      Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

      19.08.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

      28.08.2025

      «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті

      07.08.2025

      Іле-Алатау паркінің жаңа тынысы: экотуризм қалай дамып жатыр?

      02.08.2025

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Кешкі Тараз көрінісі

    Кешкі Тараз көрінісі

    Фотобанк 29.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жұлдызым Жібек жолы бойындағы (Күләш Ахметова)

    Тақ Тараз. Жалқы Тараз жаһандағы,
    Түп қазық, туған үйім Отандағы.
    Ықылым замандардың шаңы жұққан
    Шаһарлы шежіремнің қаһарманы!
    Тегім — сен, кітабым сен — парағы алтын.
    Сен — дәлел, дамыса егер, дала халқы.
    Милед пе, миллениум бе, саған да тән —
    Дәуірге сәлем бердің дана қалпың.
    Маңдайы, мақтанышы түркілердің!
    Түлесін рухыңмен ұлтым енді!
    Жамбы атып, жарысса — озған, нұр тілеулі
    Еркесі ем еркіндікке ынтық елдің.

    Көшеңе жұлдыз аулы көшіп келіп,
    Жаңа үйлер жатыр екен қосып көрік.
    Баяғы төртқақпалы қамал емес,
    Бұ күнде қала — тыныш, есікте — кілт.
    Қағазға қауырсын боп қадалатын
    Ақынға жақсы болар самала түн.
    Маңдайға біте бермес бірсыдырғы
    Халқына, қаласына адал әкім.
    Абсенттей жүйріктерің жүлдеңді ілген.
    Қашан да қасиетіңді білгенмін мен.
    Қалады ел жадында, тарихында —
    Тұлғалар туған жерін гүлдендірген.

    Ақбақайдың алтыны, Шудың мысы,
    Қаратаудың байлығы — бұл күнгісі.
    Алынбақшы алауы — келешегі.
    Тоғайында тотысы, бұлбұл құсы.
    Тасып аққан Таластың шағын көргем.
    Төскейіңнен мыңғырып малың да өрген.
    Алақанға ал да сал, нәсіпті елім,
    Алла саған нығметін, дәнін берген.
    Келешегін ойлаған Біртуары,
    Керегедей қабысқан ынтымағы,
    Емізігі кеппеген бесікті елдің
    Ақ жарылқап алдынан Күн туады!!

    Берілген ұлылардан бағасы — шың.
    Тарихтың салихалы саласысың.
    Киелі, Әулиелі, көне Тараз
    Сүюдің, сұлулықтың қаласысың!
    Сүюдің Айша бибі бопты Арындай.
    Далада қызға ескерткіш жоқ та мұндай.
    Кезінде Шах Жаханның Мұмтазға арнап,
    Өлмейтін Тәжмахалды соққанындай.
    Малыңды есте шығар жұт алғаны.
    Дарақты отын етіп бұтарладық.
    Көрінген күндік жерден күмбездерді,
    Дариға-ай, Тәжмахалдай күте алмадық…

    Білемін өтелмеген борышымды.
    Керекте бере алмадым қол ұшымды.
    Бар еді таудай-таудай армандарым,
    Жеткізбей қаңбақ қылып жел ұшырды.
    Достарға соға алмадым мені күткен.
    Күтеді сонда да олар зор үмітпен.
    «Таласқа» түскендей-ақ алтын елдің
    Қайтамын махаббатына шомылып мен,
    Қадайды желегіме жеңгем де үкі,
    Жабады иығыма белдер күпі.
    Пейіштің төріндейсің, төркін қала,
    Жүрегім — қай уақта да сендердікі!

    Құлың боп кетсем деген құлыныңмын.
    Жұпары бұрқырайды бұрымымның.
    Екі мың жасқа келген бабам менің,
    Шыңы сен — елдік асыл ұғымымның.
    Құлагер шығатын-ды ерек құлын.
    Бөлектеу болып еді бөбек күнім.
    Жасыңды жамағаттың тойлағаны —
    Басымды июіме себеп бүгін.
    Ізіңді сұрыптадым зейініммен,
    Көзімді сусындаттың мейіріммен.
    Сен қанша ғасырларға барсаң дағы,
    Барасың осы ғажап пейіліңмен.

    Әуелгі көрген түсім, көрген өңім,
    Әуеңде ақ құс болып тербелемін.
    Алғашқы жүрегімнен жыр ұшқан жер,
    Күтіңдер, кешіксем де мен келемін.
    Ақынын сағынады… күтеді олар.
    Қабағын қарлығашқа шыта ма олар?
    Сендердің көздеріңде — бала қалпым,
    Баяғы бәтес көйлек, шыт орамал.
    Әуелгі басқан жерім, сүйген жерім,
    Әуелгі қуанғаным, именгенім,
    Әлемді шарлап қайтып, саған ұшып,
    Бір өмір — сағынғанда бір көргенім.

    Ел жаққа барып қайттым сәуірде мен.
    Ауылды тербетеді дәуір — кеме.
    Кеменің кемерінен күлкісі аспай,
    Аспанға жаутаңдайды қауым неге?
    Бақ пен сор елдің екі қанатындай.
    Көз жасы тілсіз құмға таматындай.
    Тағаты таусылмаған сабыры үшін
    Осы еддің отын Алла жағатындай.
    Асулар ұстағандай күнге бағыт.
    Шыдамды ел, жігеріңді шыңда да, күт.
    Күн жақта — сенің соңғы ұлы үмітің.
    Құйылар Құдай берсе, құмға да құт.

    Құбылған жел айдаған көш қаншама?
    Құп еді — ойланса әке, ескерсе — ана.
    Жат ықпал қара сел боп қаптағанда
    Халқыма ең керегі Ес пен Сана.
    Ес — көмек, ештемені ұмытпауға,
    Сана — сеп бір Алланы ұлықтауға.
    Баласы ек біз Адамның азат туған,
    Айналды құлындарды құрықтауға.
    Басқаның құлағына құйғаны — нәр.
    Бас қамын білетіндер «миға» құмар.
    Сүйіңдер туған елді, тұлғалылар,
    Отанын сүйгендердің иманы бар!

    Жан Тараз, жақұт таққан тәжім менің!
    Жанымнан кетпей қойған сазым менің.
    Жанары кең даланың жабылмаған,
    Жарқырай түсіпсің-ау қазір керім!
    Көркемім, шырағы бар маңдайында,
    Жарыған жасыл гүлзар, тал-қайыңға.
    Қандай боп, не күн кешер екенсің сен
    Жаһандық ғаламдасу жағдайында?!
    Тілекшің — түн ұйқысын қиған ақын,
    Ырзасың перзенттік сәл сыйға да тым.
    Алдымен Алла, сосын халқым үшін —
    Таңдағы мінәжатым, ғибадатым.

    Жұлдызым Жібек жолы бойындағы,
    Өреңді өркениет мойындады.
    Боз бие шалып, күтіп тұрған той бұл —
    Борт үзіп, бостандыққа бой ұрғалы.
    Сәулеттің шаһардағы мәні күшті.
    Баһарға бар табиғат бағынышты,
    Бәдіздің бәйшешегі мың жылдан соң
    Көзімнің бір тамшысын қанып ішті.
    Алдыңда — мың жылдықтар өлшенбеген.
    Сол кезде — көзім болсаң — сен сөнбеген —
    Бабамның алған дінін балам ұстап,
    Бал тілде сөйлер халқым мен сөйлеген!..

    Ақ қала. Алтын қала. Абат қала.
    Кім ашар тарихыңды қабат-қабат?
    Халыққа тиген үлес әділ емес,
    Тарихтан тиген соққы сабақ та — ағат.
    Түсірмес асылыңды шаңдақ құмға,
    Туса да ақылды қыз, ардақты ұлдар,
    Торғыным, тозып кете жаздап едің…
    Ұлы елге ұлы Азаттық келді уақытында!
    Егемен Елдің бала жігіт кезі.
    Еменнің шырыны аққан шыбық кезі.
    Торсықтай шекемізде той үстінде
    Жанып тұр күн көзіндей үміт көзі!

    Тараз

    Оқылып жатыр

    Өңірде өнеркәсіп саласы әріптестік бағдарлама негізінде іске асырылады

    15.07.2022

    Облыс әкімі Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті

    10.06.2022

    Нұржан Нұржігітов Мойынқұмда

    09.06.2022

    Әкіммен кездесу

    10.12.2021
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025

    “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

    19.08.2025

    Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

    19.08.2025

    Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

    15.08.2025

    Алматыда жол құрылысына қолданылатын материалдардың сапасы жіті тексерілуде

    10.08.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.