Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 17 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026

      6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

      15.07.2026

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның алғашқы «ядролық» сүңгуір қайығын тексерді

    Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның алғашқы «ядролық» сүңгуір қайығын тексерді

    Жаңалықтар 26.12.2025
    ЦТАК
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    КХДР басшысы Ким Чен Ын Әскери-теңіз күштеріне қарасты нысанға барып, ядролық қозғалтқышы бар, салмағы шамамен 8700 тоннаны құрайтын стратегиялық сүңгуір қайықтың құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы  ЦТАК агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Агенттік мәліметінше, Ким Чен Ын сүңгуір қайықтың құрылысын жеке өзі қарап, қазіргі кезең бойынша баяндама тыңдаған. Онымен бірге кеме жасау саласының басшылары мен қорғаныс ғылымының өкілдері болған.

    Аталған сүңгуір қайық басқарылатын зымырандарды ұшыруға арналған стратегиялық атомдық кеме ретінде сипатталады. Жоба Кореяның Еңбек партиясының VIII съезінде бекітілген елдің қорғаныс әлеуетін дамытуға бағытталған бес негізгі міндеттің қатарына кіреді.

    Ким Чен Ынның айтуынша, мұндай сүңгуір қайықты салу – КХДР-дың дербес қорғаныс саясатын іске асырудағы маңызды қадам. Пхеньян билігі қуатты шабуыл мүмкіндіктерін ұлттық қауіпсіздікті қорғау мен тежеудің басты тетігі ретінде қарастырады.

    ЦТАК мәліметінше, жаңа атомдық сүңгуір қайықтың құрылысы аяқталса, бұл елдің әскери-теңіз күштері үшін бетбұрыс кезең болады.

    Сондай-ақ Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяның АҚШ қолдауымен атомдық сүңгуір қайық жасауды жоспарлап отырғанын сынға алып, оны КХДР қауіпсіздігі мен теңіз егемендігіне төнген қатер деп атады.

    КХДР басшысы елде сонымен қатар соққы беретін эсминецтер мен басқа да атомдық сүңгуір қайықтардың құрылысы жалғасып жатқанын, жаңа суасты қарулары әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Ол флотты күшейту кемелердің құрылыс қарқыны мен ауқымын арттыру, сондай-ақ оларды түрлі шабуыл жүйелерімен жабдықтау арқылы жүзеге асатынын айтты.

    Алайда КХДР мәлімдеген сүңгуір қайықтың техникалық сипаттамаларын тәуелсіз түрде растау мүмкін емес. Пхеньян мұндай деректерді жарияламайды әрі сыртқы бақылаушыларды әскери нысандарға кіргізбейді. Сарапшылардың айтуынша, Солтүстік Корея бұған дейін де қару-жарақтың макеттері мен прототиптерін көрсетіп, олардың дайындық деңгейін асыра бағалаған жағдайлар болған.

    Солтүстік Корея сүңгуір қайық ядролық

    Оқылып жатыр

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.