Close Menu
    Оқылып жатыр

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 7 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026

      Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Көлтоғандықтар келісімге келді

    Көлтоғандықтар келісімге келді

    Өңір тынысы 11.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Көлтоған ауылы – шаһардың №11 аумақтық округіне қарайтын 730 тұрғыны, 172 түтіні бар шағын ғана елді мекен. Облыс орталығына жапсарлас жатқан бұл ауыл тұрғындарының жалғыз тілегі – көгілдір отын.

    Талай жыл көгілдір отынсыз күнелтіп келе жатқан көлтоғандықтардың айлары оңынан туар күн жақындағандай еді. Талай мәрте қала басшылығының жыл сайынғы есебінде қозғалған газдандыру мәселесін біржақты ету үшін жергілікті бюджеттен 9 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген-ді. Аталған сома жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге бағытталған. Тап осы тұста тұрғындар арасынан жік шығып, мәселе ушыға түскен. Жеке меншік компанияға жүгінуге 32 үйдің иесі 50 мың теңгеден жинаған. Бірақ компания жұмысты басталмай жатып тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Мәселені реттеу үшін ауыл тұрғыны Күнсұлу Өксікбаева аталмыш аумақтық округтің депутаты Жанар Бүркітбаеваға өтініш айтып, тұрғындардың алаңдаушылығын қала басшылығына жеткізуді сұрады. Хабарлауынша, тұрғындар бюджеттен бөлінген қаражаттың негізгі жұмсалу тетігін жете түсінбеген. Нәтижесінде көпшілік қос тарапқа бөлініп, өзара жанжалдасып, биыл да газдан қағылудың сәл-ақ алдында қалып отыр.

    «Біз газды жеке меншік компания арқылы ақылы түрде жүргізіп алуға болатынын естіген күннен ауыл тұрғындары болып әр үй 50 мың теңгеден жинай бастадық. 32 адамнан жиналған қаражат тиісті мекемеге берілді. Газ құбыры ауылға жақындап қалды. Алайда үй арасында «газды Үкімет өзі жүргізіп береді» деген қауесет тараған. Осының әсерінен кейбір ақша қосқан үй иелері дау шығарып, берген қаражатты қайтаруды сұрап жатыр. Естуімізше, бізбен көршілес жатқан Шалғай Қарасу, Шөлдала ауылдары газды алаңсыз пайдаланып отыр. Тұрғындарға ауылға көгілдір отын қандай тәртіпте пайдалануға берілетінін түсіндіріп, мәселені реттеу үшін мен өзіміздің аумақтық округтің депутаты Жанар Бүркітбаеваға өтініш жасадым. Қыстың көзі қырауда. Ертең тағы да көмір іздеп сабылғымыз келмейді. Мән-жайды түсіндіріп берсеңіздер екен», – деді Күнсұлу Қуатқызы.

    Ушыққан жағдайға байланысты тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізу үшін ауылға қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов пен осы аумақтық округтің депутаты Жанар Бүркітбаева келді. Жиында бірнеше тараптың тілегі тыңдалды. Бейсенбек Жанбосынов 9 миллион теңге қаражаттың қандай мақсатқа бөлінгенін тайға таңба басқандай етіп түсіндіріп берді.

    «Көлтоғанды газдандыру мәселесі жыл басында қала әкімінің есебінде қозғалған болатын. Бөлінген 9 миллион теңге көлеміндегі қаражат жобалық-сметалық құжаттарына жұмсалады. Ал газды Үкімет бағдарламасы бойынша жеткізу үшін құрылыс жұмыстарына жұмсалатын қаржы көлемінің үлкен болуы себепті біз республикалық бюджеттен ақша сұрауға мәжбүр боламыз. Бұл шаруа тек 2021-2022 жылдары ғана жүзеге асады. Бүгінгі таңда көршілес ауылдар жеке меншік мекемелердің көмегіне жүгініп, газға қол жеткізіп отыр. Айта кететін жайт, қазір аталған компания көмегіне біріңіз жүгініп, біріңіз бас тартсаңыздар, келешекте бұл бұдан да үлкен дауға айналуы мүмкін. Себебі мемлекеттік бюджет есебінен газ жеткізілген уақытта бір көшеге екінші рет құбыр жүргізілмейді. Осыған байланысты бір рет шығындалсаңыздар да, жеке меншік компанияның көмегін пайдаланғандарыңыз абзал. Қазіргі таңда былтыр Үкімет тарапынан тартылған 20 шақырымдық газ магистралі ауылға жетіп тұр», – деді Бейсенбек Жанбосынов.

    Өз кезегінде тұрғындармен жүздесуге арнайы келген «Байзақ Газ Сервис» ЖШС өкілі Бақытжан Солагаев жеке меншік тәртіппен газ жүргізуге қанша қаражат кететінін, төлем әдістерін кеңінен түсіндіріп берді.

    «Негізі көлтоғандықтардың белгілі бір бөлігі 50 мың теңге көлемінде бастапқы қаражатты жинап берген болатын. Тек орта жолда арадан шыққан жанжалға және қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты құбыр тарту жұмысы тоқтап тұр. Ең төменгі бағамен есептегенде бір үйге газ кіргізу үшін 320 мың теңге керек. Біздің компания осы ауылдың әлеуетіне қарап бастапқы 50 мыңды бір жинап, қалған қаражатты 30 мың теңгеден пайызсыз бөліп төлеу әдісін ұсынып отыр. Бір ай көлемінде осы ауылды газбен қамтамасыз етіп, ары қарай жұмысты жалғастыруымыз керек. Қазіргі ушыққан жағдай жұмысымызға кедергі болып тұр», – деді Бақытжан Ескермесұлы.

    Бұдан кейін тұрғындар шаһар басшысының орынбасары мен жеке меншік компания өкіліне көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық пікірлесті. Өзара келісімге келген көлтоғандықтар көгілдір отынға қол жеткізу үшін жағдайды әрі қарай ушықтырмауға уағдаласты.

    газ Тараз

    Оқылып жатыр

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Тоқаев Президент әкімшілігінің басшысын ауыстырды

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.