Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанның вице-президенті Джеки Чанмен кездесті

    07/10/2026

    Батыс елдерінде мұнай қоры таусылды

    07/10/2026

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 7 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанның вице-президенті Джеки Чанмен кездесті

      07/10/2026

      Батыс елдерінде мұнай қоры таусылды

      07/10/2026

      Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

      07/10/2026

      Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

      07/10/2026

      Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

      07/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қордай ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды

    Қордай ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды

    Өңір тынысы 26/04/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ағымдағы жылы Қордай ауданындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына 20,5 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 46 жоба бойынша мердігерлер анықталған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Бүгінгі таңда үш мектептің, оның ішінде Қалғұты және Күнбатыс ауылдарында білім нысандарының құрылысы басталып үлгерді десек, бұл нысандар ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

    Сонымен қатар, аудан орталығындағы 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің, Сарыбұлақ ауылының Мәдениет үйіндегі қазандықтың құрылыстары бастау алды.

    Ол ғана емес, Қордай және Әлжан Ана ауылдарының жаңа тұрғын алқаптарына инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 40 шақырым болатын төрт ауыл арасындағы жолдарды орташа жөндеу, Кенен ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту, бес оқу орнының қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, үш мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Қордай ауылындағы 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталған. Өткен жылы старт алған ұзындығы 7,4 шақырымды құрайтын «Ауқатты — Бәйтерек» автожолының құрылысы жалғасуда.

    Сондай-ақ, Қаракемер ауылында екі пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысы басталды. Онда негізінен ауылға келген жас мамандар мен әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қоныстанбақ. Одан бөлек, осы ауылдың тұрғыны Қ.Молдасейітовтің демеушілігімен 15 келушіге арналған медициналық емхана салынуда.

    Сонымен қатар, 60 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысын салу, үш мектептегі спорт кешендерін, алты ауылдағы су құбырын қайта жаңғырту, жеті жаңа тұрғын алқапта инженерлік инфрақұрылымды нығайту, Қордай және Әлжан ана ауылдарының 24 көшесін жарықтандыру шаралары жүзеге асады.
    2020 жылы 337 шақырымдық жолдар жөнделеді. Ол үшін 6,6 миллиард теңге қарастырылған. Сонымен қатар, «Ауыл — ел бесегі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында ауданның 18 елді мекеніндегі жолдарды жөндеуге 5,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл орайда орташа жөндеуден өтетін жолдардың ұзындығы 289,6 шақырымды құрайды. Мұның бәрі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартып, жақсы және қанағаттанарлық үлесін 90 пайызға, ал елді мекен ішіндегі көшелердің көрсеткішін 70 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек,

    Айта кету керек, «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан орталығындағы 21 көше жөндеуден өтуі жоспарланған десек, оның 12 көшесі бойынша жұмыстар аяқталып үлгерілген. Осылайша, Қордай ауылының жолдары 100 пайыз асфальт жабындысымен қамтылатын болады.

    Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қарасу, Өтеген, Масанчи, Сортөбе, Ахатта, Бұлар батыр ауылдары арқылы өтетін жолдардағы жол белгілері жаңартылған.

    Қордай ауданы құрылыс

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанның вице-президенті Джеки Чанмен кездесті

    07/10/2026

    Батыс елдерінде мұнай қоры таусылды

    07/10/2026

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026

    Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

    07/10/2026

    Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

    07/10/2026

    ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

    06/10/2026

    Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

    06/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.