Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Мәселелерді тек анықтап қоймай, оларды шешуге тиіспіз» — Нұржан Нұржігітов

    «Мәселелерді тек анықтап қоймай, оларды шешуге тиіспіз» — Нұржан Нұржігітов

    Өңір тынысы 09.04.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қоғамдық қабылдау» кеңсесі тобының мүшелерімен кездесті.

    Аймақ басшысы қаңтар оқиғасынан кейін қоғамның және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жанынан құрылған «Қоғамдық қабылдау» кеңсесі тобының маңыздылығын атап өтті. Топ мүшелеріне үлкен жауапкершілік артылғанын жеткізіп, атқарылған жұмыстар бойынша есептерін тыңдады.

    29 адамнан тұратын 9 топ Тараз қаласы мен Т.Рысқұлов, Байзақ, Жуалы, Жамбыл аудандарына бекітілген кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізген. Бұл туралы айтқан топ жетекшісі Қасымхан Төлендиев Қоғамдық қабылдау кеңсесінің жұмысы өз тиімділігін көрсеткенін хабарлады.

    Ол Қаңтар оқиғалары кезінде ұсталғандар мен олардың жақындарымен кездесулер ұйымдастырылғанын, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмектер көрсетілгенін жеткізді.

    — Бүгінге дейін Қоғамдық қабылдау тобының мүшелері Тараз қаласы мен Т.Рысқұлов, Байзақ, Жуалы, Жамбыл аудандарына екі реттен барып, қоғамдық  қабылдаулар, кездесулер өткізді. 12 елді мекенді аралау барысында 4 мыңнан аса адам қамтылып, 150 мәселе көтерілді.

    Қазіргі таңда қалған аудандарда кездесулер өткізу үшін осы айға жаңа кесте жасалып, 11 сәуірден бастап шығатын болды,-деді Қ. Төлендиев.

    Сондай-ақ ол топ мүшелерінің атқарған жұмыстарына қатысты өзге де нақты мәліметтер бере отырып, қамауда отырған жастар істеген ісіне өкінетінін, олардың жазаларын  жеңілдету жолын қарастыруды сұрады.

    – Тұрғындар көтерген мәселелер қаншалықты шешімін тапты? Біздің мақсатымыз – аудандағы елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесіп қайту ғана емес, кездесулер барысында көтерілген мәселелерді шешу. Өзекті мәселелерді тек анықтап қана қоймай, оларды шешу жолын қарастыруға тиіспіз. Сонда ғана түпкілікті нәтижеге қол жеткіземіз, – деген облыс әкімі ол  бойынша жан-жақты бірлескен жұмыстар жүргізу керектігін ескертті.

    Аймақ басшысы бұл жөнінде ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаевтан жауаптар алды.    

    Кездесуде топ мүшелері Эльмира Мырза-Ғали, Нұрлан Қанатов, Исламбек Дастан және тағы басқалар сөз алып, өзекті мәселелерге назар аудартты.

    Облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков «Қоғамдық қабылдау» тобы бұдан әрі орган ретінде жұмыс істейтін болса, оның жұмысын жетілдіру жөнінде жаңа ереже қабылдау қажеттігін ұсынды.

    Жиын соңында Нұржан Нұржігітов көтерілген барлық ой-ұсыныстар ескерілетінін баса айтып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

    Жамбыл облысы Нұржан Нұржігітов

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.