Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 18 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

      17.03.2026

      Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

      17.03.2026

      Референдум нәтижесі жария болды

      17.03.2026

      Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

      17.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Моңғолиядағы «Әскери бәйгеге» қатысушы қазақстандықтар Тараздан аттанды

    Моңғолиядағы «Әскери бәйгеге» қатысушы қазақстандықтар Тараздан аттанды

    Өңір тынысы 25.07.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Өткен демалыс күндері Тараздағы әскери әуе айлақтан қазақстандық әскери қызметшілер Моңғолияға аттанды. Ондағы мақсат — Армия халықаралық ойындары аясында өткізілетін «Әскери бәйге» байқауына қатысу, — деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Әскери бәйге — Халықаралық армия ойындарының құрамына биыл алғаш рет өткізілгелі жатқан жаңа байқау. Бұл ойын тамыз айында басталмақ. Бірақ команда жарыс өтетін жерді барлап, бейімделу үшін  он күнге бұрын шықты. Ерте шығудың да өзіндік мәні бар, моңғол аттарын шабыста сынап көру. Себебі жарыс шартына сәйкес аттарды конкурс өткізетін тарап береді.

    Қазақстаннан «Әскери бәйге» байқауына қатысатын команда шеберліктерін шыңдаған, мықты топ. Биыл елімізден армия ойындарына қатысатындардың ішінде бірінші болып жолға шыққан — осы команда.

    Қазақстандық әскерилер жарысқа бес ай бойы дайындалды. Моңғолия Қарулы Күштерінің өкілдері биыл Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына бәйгені қосу жөнінде ұсыныс жасағанда, Қазақстан қатысушы ретінде бірінші болып өтініш жасады. Бұлай болуына бірнеше негіз бар. Еліміздегі таулы-егерлік бөлімше «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамында жиырма жылға жуық қызмет етіп келеді. Және Қарулы Күштеріміздегі жалғыз бөлімше.

    Бұл бөлімше «ер қанаты — ат» екенін жақсы біледі. Олар көп жыл бойы тұлпарды серік етіп,  түрлі тапсырмаларды орындап келеді. Сондықтан болар дәл осы бөлімшенің әскери қызметшілері команданың негізгі сапында. Олар бес ай бойы әскери бөлімнің базасында және оған тиесілі аттармен полигонда жаттықты.

    Ат құлағында ойнайтын жауынгерлерден құралған топты анықтау үшін іріктеу жүргізіліп, «Аравт әскери бәйгесі» байқауына барынша лайықты деп танылған шабандоздар қалды.

    Қазақстандық әскерилердің нағыз қарсыластары — сайыс өтетін жердің иелері моңғолдар, сонымен қатар, есе жібермейтін қырғыздар мен ресейліктер. Қалай болғанда да, ат десе делебесі қозып тұратын жігіттер осындай мықты қарсыластармен сайысқа түседі. Шын жүйрікті анықтау, әлбетте алдағы уақыттың еншісі. Ал, ел абыройын асқақтатар жігіттерге жарыста жеңіс тұғыры бұйырсын деп тілейік!

    әскер Моңғолия

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026

    Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

    17.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Астанада мұғалімдердің әлеуметтік төлемдері аударылмай келген

    17.03.2026

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.