Close Menu
    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Несипбаев Арсен өткізген ашық сабақтар

    Несипбаев Арсен өткізген ашық сабақтар

    Жаңалықтар 26.11.1986
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тақырыбы:«Жорық кезінде аспалы өткелді ұйымдастыру және өту»

     Тақырыбы:«Өмір қымбатсың  сен маған!»

    Мақсаты:  
         Оқушылардың өмір  құндылығы туралы түсініктерін  одан әрі тереңдету. Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

    Міндеттері:
    — оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
    — өмірге құштарлықтарын дамыту;
    — өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

     арысы:
           Бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.

    Амандасу  түрлері
    Ол үшін,  сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. « Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
    Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен,бет-беттеріңізбен,мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы,өте тамаша!)
    Ендеше,осы жақсы көңіл-күйімізбен орнымызға жайғасайық.

    Олай болса,мен бүгінгі сабағымды бастамас бұрын Айбат Маратовтың орындауында  мына термені тыңдап алыңыздар.

    — Терме не жайлы екен?

    — Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы  «Өмір қымбатсың сен маған!» — деп аталады.

    Сұрақ:
    -Ал,балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
    -Өмірдің мәні неде?
    -Өмір адамға несімен қымбат?
    -Ал,бақытты қалай түсінеміз?
    -Бақыт адамға не үшін керек?
    -Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
    -Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта аламыз?
    -«­­Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?

    -Ендеше,  сіздер  қалай  ойлайсыздар, жалпы  бақытты дүкеннен сатып алуға бола ма?
    -Елестетіңіздерші, бүгін  біздің  дүкенге бақытты әкеліпті. Ол бір қорапқа салынған.
    -Ол қораптың сырт пішіні, яғни түсі қандай деп ойлайсыңдар?
    -Бақыттың иісі қандай?
    -Ол жылы ма,әлде салқын ба?
    -Бақыттың дыбысы қандай?
    -Бақытты адамды қалай танисыңдар?
    -Өздеріңіз  қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?
    — Олай болса,тақтаға қарап,ойланыңдар. Бақытты  болу  үшін ең  алдымен  не  қажет?

    Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты.

    Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында,өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір-бұдыр  жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге  мойымай, өзіңе  сенімді  болсаң, міне  сол  бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт.

    «Бақыт»-ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жеп те сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса,  сонда бақытты болады.

    Олай  болса,  өте жақсы, балалар. Өмір мен бақыт жайында жақсы біледі екенсіңдер.

    -Балалар,біздің ақын ағаларымыз, қазіргі жас ақындар осы «Өмір» мен «Бақыт» жайында көп жырлаған. Қанекей,кім  бізге  өлең  шумақтарын  оқып  береді?

    Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.

    «Бұл өмір сынақ»  атты бейнебаянды тамашалайық. Өз ойларыңды айтуға болады.

    Өмір жайлы 7 ақиқатты еске сақтап алыңыздар:

    1.     Ешкімді сөгіп жазғырма, өмірде сөйлей алмайтын адамдар да бар.

    2.     Тамақтың дәміне шағым айтпа, ішерге ас таппай отырған кісілер бар.

    3.     Жан-жарыңа жөнсіз кейіме, кеше біреу жұбайынан айырылған болуы мүмкін.

    4.     Үйім тар деп көңілің түспесін, біреудің басында баспана да жоқ.

    5.     Ұл-қыздарыңнан шаршадым деме, бала сүйе алмайтын адамдар бар.

    6.     Жұмысым ауыр деп жабырқама, кейбір адамдарда ол да жоқ.

    7.     Өз өміріңді қарғап түңілме, айықпас дертке шалдығып, төсекке таңылған жандар аз емес.

    “Менің  мақсатым”.  Сендер  әрбіреуің  бір – бір  үйдің  жемісісіңдер , сондықтан өз  мақсаттарыңды   берілген   алмаға   жазып, ағашқа  ілулерің керек .

    Жүректен- жүрекке. Бір-бірлеріне тілек айтады

    Бүгінгі ашық сабағымды қорытындылай келгенде:

    Бізден  асқан  бақытты жан  жоқ  екеніне  көзіміз  жетті. Сіздер  қалай  ойлайсыздар?
    Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.

    «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін тыңдап, қосылып айтуларыңызға да болады.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.