Close Menu
    Оқылып жатыр

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 26 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

      25.05.2026

      «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

      25.05.2026

      Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

      25.05.2026

      Әлемде мұнай бағасы арзандауда

      25.05.2026

      Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

      25.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыс әкімі шағын қалалаларды дамытуда нақты жоспармен жұмыс істеуді тапсырды

    Облыс әкімі шағын қалалаларды дамытуда нақты жоспармен жұмыс істеуді тапсырды

    Өңір тынысы 01.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысындағы Қаратау, Жаңатас және Шу секілді моноқалаларды дамыту республикалық және жергілікті атқарушы органдардың жіті назарында. Ел Үкіметі бекіткен Кешенді жоспар аясында Қаратау және Жаңатас қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарларының жобасы Ұлттық экономика министрлігіне жолданған. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жан-жақты айтылды.

    – Қаратау мен Жаңатас қалаларын алдағы уақытта қалай дамытамыз?  Олар Үкіметтен қандай жеңілдіктер мен преференциялар алады? Ондағы тұрғындарды қандай мәселелер толғандырады? Сол өзекті мәселелерді жедел шешіп, дамыту жоспарына сәйкес нақты жұмыстар жүргізуге тиіспіз, – деп атап өтті облыс әкімі.

    Қаратауда шешімін күткен мәселелер аз емес. Атап айтсақ, жылыту желілерінің 46 пайызы, электр желілерінің 70 пайызы тозған. Кәріз суларын сүзгі мәселесі шешілмеген. Жеке сектор көшелерінің 63 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

    Бүгінде Қаратауда тұрғын үй кезегінде 1483 адам тұр десек, олардың қатарында көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтар, жетім балалар, сондай-ақ бюджеттік сала қызметкерлері бар.

    Қала экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру маңызды.

    Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына сәйкес алдағы бес жылда 93 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның  41-і жеке инвестиция есебінен, тағы 52-сі республикалық және жергілікті бюджет есебінен орындалмақ. Нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемін екі есеге арттыру көзделуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялар сомасы 39,5 миллиард теңгені, салық түсімдері – 570 миллион теңгені құрап, 700-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

    Ағымдағы жылы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сумен жабдықтау, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп, жол құрылысы, жолаушылар автокөлігі, жылумен қамту, экология салаларында 11 жоба іске асырылуда.

    Аймақ басшысы бірқатар мәселелерге жекелей тоқталып, әсіресе, тұрғын үй құрылысына қатысты жұмыстарға назар аударды. Тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстарының құны жаңа тұрғын үй салғаннан да қымбатқа жоспарланып отырғанына алаңдаушылық білдіріп, бұл тұрғыда терең талдау қажет екендігін баса айтты.

    Басқосуға қатысқан барлық басқарма басшыларынан өз салалары бойынша жауап алған облыс әкімі Қаратау қаласын дамыту бойынша жоспарлы жұмыстарға көңілі толмады.

    — Өзекті мәселелер көп, оларды шешу бойынша нақты жоспар байқалмайды. Аудан, қала әкімдігінің облыстық басқармалармен өзара қарым-қатынасы жолға қойылмаған, — деп қорытындылады Нұржан Нұржігітов.

    Дәл осындай онлайн-режимде өткен кеңесте Жаңатас қаласын дамыту жөнідегі мәселелер де қаралды. Басқосуда Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев ең бір шешімін күткен өзекті жайттарға назар аудартты. Бірінші кезекте ол ауданның өнеркәсіптік бағытына байланысты экологиялық мәселелерді алға тартты.

    Аудан әкімі қаладағы жасыл желектер мен көгалдарды суару үшін техникалық сумен қамтамасыз ету мәселесін, автомобиль және көше жолдарын жаңарту, орта жөндеуден өткізу қажеттігін тілге тиек етті.

    Айта кетейік, Жаңатас қаласындағы жеке сектордағы 76 көшенің үштен біріне жуығына асфальт төселмеген. Мемлекеттен баспана алу үшін кезекте тұрғандардың саны 1548-ге жеткен.

    Жиында медициналық жабдықтар мен қызметтің сапасына қатысты мәселелер де сөз болды. Халықтың дене шынықтырумен айналысуға деген сұранысын толық қанағаттандыратын спорттық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, бір жастан үш жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 93,1 пайызды ғана құрайтындығы да айтылды.

    М.Сұлтанғалиев кешенді жоспарды жүзеге асыра отырып, бұл мәселелерді шешуде 2026 жылға қарай айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болатынына сендірді.

    Жоспарға сәйкес негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 870 миллиард теңгеге дейін, өнеркәсіп өнімінің көлемін  200 миллиардқа дейін жеткізу жоспарлануда. Екі мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қала халқының саны да едәуір артады деп көзделуде.

    —  Жоспарларыңыз өте ауқымды, дегенмен олар толық жүзеге асып жатса құба-құп. Бірақ алдағы екі-үш жылға арналған нақты жоспармен жұмыс істеуге көңіл бөлген дұрыс. Мысалы, моноқалалардың өсіп келе жатқан халқын жұмыспен, тұрғын үймен, мектептермен қалай қамтамасыз ету керектігін қазірден бастап ойластыру керек. Өзекті мәселелердің бірі саналатын – су құбыры, электр және басқа да желілердің тозуы бойынша да көп жұмыс күтіп тұр. Ең алдымен тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізу керек. Тұрғындар көпқабатты үйлерді жаңғырту жұмыстары тегін жүргізілмейтінін түсінуі  тиіс.

    Бізге шағын қалаларды дамытуда бірыңғай көзқарас қажет. Басқармалар мен аудан бірлесіп әрекет етуі маңызды.

    Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың тұрмысы түзеліп, әлеуметтік мәселелері шешіліп, жағдайының жақсаруы, — деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026

    Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

    25.05.2026

    Әлемде мұнай бағасы арзандауда

    25.05.2026

    Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

    25.05.2026

    Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті

    21.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.