Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 22 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

      21.07.2026

      АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

      21.07.2026

      Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

      21.07.2026

      Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

      20.07.2026

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыс әкімі су каналдарын жөндеу жұмыстарын сынға алды

    Облыс әкімі су каналдарын жөндеу жұмыстарын сынға алды

    Өңір тынысы 22.04.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте вегетациялық кезеңге дайындық, «Қазсушар» РМК облыстық филиалымен атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралды.

    Бүгінгі күнге Жамбыл облысындағы республикалық меншіктегі су қоймалардың жиналған судың орташа көлемі 90 пайызды құрайды.

    Сонымен қатар, Қырғызстан тарапымен вегетациялық кезеңіне алдын ала Киров су қоймасынан 520 млн. текше метр, Шу өзені бойынша 222 млн. текше метр су алуға келісім алынды, су алу кестесі алдағы «Шу-Талас» комиссия отырысында бекітілмек. Су пайдаланушылармен 492,5 млн. текше метр үшін 1488 келісім шарт қол қойылған, ағымдағы жылдың вегетация кезеніне 750 млн. текше метрге,107,5 мың гектарға су беру жоспарлануда.

    Бұл туралы басқосуда «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Ерлан Өтегенов баяндады.

    Оның айтуынша, каналдар арқылы су беруді басталған. Сонымен қатар, 24 сәуірден бастап Киров су қоймасынан секундына 13 текше метр су жіберу қолға алынбақ.

    Сондай-ақ, жиында коммуналдық меншіктегі су қоймаларының бүгінгі күнге су қоймалардың жиналған судың орташа көлемі 72,6 пайызды құрайтындығы айтылды.

    Облыс әкімі су каналдарын реттеу және жөндеу жұмыстары бойынша мәселелерді сынға алды.

    — Вегетациялық кезеңде шаруаларға ешқандай кедергісіз қажетті су мөлшері жеткізілуі тиіс. Сіздер айтып отырған түрлі сылтаулар қабылданбайды. Бұл бойынша бұған дейін оншақты рет жиналыс өтіп, нақты тапсырмалар берілген болатын. Тапсырмалардың орындалуы ойдағыдай емес.

    Ертең шаруалар мәселенің шешілуін әкімдіктерден сұрайды. Алайда, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Қалған шаруаларды өңірдегі «Қазсушар» мекемесі бақылауға алып, уақытылы орындауы тиіс болатын.

    Біз шаруаларға қағазбастылық, құжатқа қатысты мәселелерді айтып, ақтала алмаймыз. Оларға нақты нәтиже керек. Осы тұрғыда жұмысқа деген көзқарасты өзгерту керектігін үнемі айтып келемін. Жауаптылар су каналдарын күнара аралап, жұмыстардың басы-қасында жүруі тиіс. Қажет болса, күні-түні жұмыс істеңіздер. Тек су беруде мәселе туындамауы қажет,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Аймақ басшысы, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының жұмысына қатысты арыз-шағымдарға, берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуына саралау жүргізу керектігін тапсырды.

    Жиында өзге де тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.