Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    01.07.2026

    Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

    01.07.2026

    Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

    01.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 2 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

      01.07.2026

      Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

      01.07.2026

      Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

      01.07.2026

      Халық үшін тағы бір төлем: электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

      30.06.2026

      АҚШ — Иран келіссөзінен кейін мұнай арзандай бастады

      30.06.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Өңірде 72155 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған

    Өңірде 72155 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған

    Өңір тынысы 05.11.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты назарында. Жыл басында салалық басқармалар мен аудандық әкімдіктерге пайдаланусыз жатқан жерлерді айналымға қайтару бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды. Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында осы тапсырманың орындалу барысы талқыланды.

    Жер қатынастары басқармасы мен жер инспекциясы өкілдері жасаған баяндамаға сүйенетін болсақ, жоспар бойынша 70 мың гектар жерді қайтару көзделсе, бүгінде 72155 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде 5390 гектар егістік және 66765 гектар жайылымдық жерлер бар.

    Мойынқұм ауданы бойынша тапсырма ойдағыдай орындалса, Шу, Сарысу, Қордай және Т.Рысқұлов аудандарында игерілмеген жерлердің үлкен көлемі анықталған. Сонымен қатар, бұл істе Байзақ, Жуалы, Меркі, Жамбыл және Талас аудандарында айтарлықтай артта қалушылыққа жол берілген.

    Пайдаланусыз жатқан жерлерді анықтау және айналымға енгізу – жергілікті әкімдіктердің функцияларының бірі болып табылады. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, олардың бәрі бірдей  бұл мәселеге тиісінше көңіл бөліп отырған жоқ.      

    Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Әбілқайыр Тамабектің айтуынша, кейбір әкімдіктер пайдаланусыз жатқан ауылшаруашылық жерлерінің көлемі туралы нақты цифрларды жасырып, жалған мәліметтер жолдайды. Мәселен, Қордай ауданының әкімдігі игерусіз жатқан 15,5 мың гектар жайылым бар деп хабарлағаынмен, тексеру кезінде 99 мың гектар жер анықталған. Осындай сәйкессіздіктер Сарысу, Т.Рысқұлов және Шу аудандарының әкімдіктері ұсынған ақпараттарда да кездеседі.  

    Жалпы, облыс бойынша пайдаланусыз жатқан 400 мың гектарға жуық жайылымдық жерлер анықталған десек, жергілікті әкімдіктердің жолдаған көрсеткішімен ол бар-жоғы 107 гектарды құраған болатын. Тексерушілер көптеген иесіз жерлерді тапқан. Мысалы, Меркі ауданында 1247 гектар, Талас ауданында 1193 гектар, ал Қордай ауданына 559 гектар осындай жер белгілі болған. Олар бойынша құжаттар заңнама шеңберінде одан әрі рәсімдік іс-қимылдар жүргізу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жіберілген. 

    Кездесуге онлайн байланыс арқылы қатысып отырған жұмысы сылбыр аудан әкімдері жоғалған уақыттың орнын толтырып, тапсырманы жыл соңына дейін орындауға уәде берді. 

    Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінен ауылшаруашылық жерлеріне бір ай ішінде толық объективті тексеріс жүргізуді талап етті. 

    — Жер айналымда болуы керек, оны ұтымды ұқсатып, барынша өнімділік тұрғыда пайдаланған абзал. Бізге егіс алқабын кеңейту, ауыспалы егістік бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Біз өңірімізді өз өнімдерімізбен толық қамтамасыз етуге күш салуымыз керек. Азық-түлік қауіпсіздігі – қазіргі кездегі маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі, — деп атап өтті аймақ басшысы.

    Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев  ұсақ шаруа қожалықтарын агрохолдингтерге біріктіру жұмыстарын жалғастыру қажет екенін еске салды. Әрбір ауданда заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен және жабдықтарымен қамтамасыз етілген осындай екі-үш аграрлық бірлестік болуы тиіс. Келер жылы жақсы өнім жинау үшін тиісті жұмыстарды бүгіннен бастау керек. Сапасыз тұқымдардан бас тартып, техниканы реттеп, тыңайтқыштар қолдану, су ресурстарын, оның ішінде суды үнемдейтін технологияларды енгізуге қазірден қамданған дұрыс. 

    Жамбыл облысы Жер Жер инспекциясы Жер қатынастары басқармасы

    Оқылып жатыр

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    01.07.2026

    Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

    01.07.2026

    Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

    01.07.2026

    Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуімен халықты құттықтады

    01.07.2026

    Халық үшін тағы бір төлем: электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

    30.06.2026

    АҚШ — Иран келіссөзінен кейін мұнай арзандай бастады

    30.06.2026

    Ерлан Қарин вице-президент болмайды: ол жаңа лауазымға тағайындалды

    30.06.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.