Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қант бағасы неге қымбаттайды — министрлік түсіндірді

    Қант бағасы неге қымбаттайды — министрлік түсіндірді

    Жаңалықтар 14/07/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанның бірқатар өңірінде қант қымбаттап кетті. Министрлік бұл мәселе өнім тапшы болғанынан емес, маусымдық сұраныс артуынан деп отыр. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Жаз келгенде қант бағасы неге шарықтап кетеді?

    Шенеуніктің айтуынша, жаз мезгілінде халық тосап, компот және басқа да қысқы азық-түлік қорын дайындайтындықтан, қантқа сұраныс артады. Соның әсерінен кейбір өңірлерде баға да өсіп отыр.

    Вице-министрдің сөзінше, әзірге қант айтарлықтай қымбаттамайды. Биыл қант қызылшасының мол өнімі болжанып отыр. Қазір елде отандық шикізатты өңдейтін үш қант зауыты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Тараз қант зауытында да қант қызылшасын өңдеу іске қосылады деп жоспарланған.

    Сондай-ақ, вице-министр өңірлерде баға өзгеруіне көтерме жеткізушілердің жұмысы, импорт көлемі, сусын мен кондитерлік өнім өндірушілер тарапынан сұраныс артуы да әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.

    «Ресейден, Латын Америкасы елдерінен жеткізіп отырмыз»: елдегі қант қоры қанша уақытқа жетеді?

    Азат Сұлтанов Қазақстанда қанттың бір бөлігі Латын Америкасы елдерінен әкелінетін қант шикізатынан өндірілетінін, ал дайын қанттың едәуір көлемі әлі де Ресейден импортталатынын айтты.

    Оның мәліметінше, әкімдіктердің қоймаларындағы қант қоры жеткілікті. Баға құбылған жағдайда бұл қор сатылымға шығарылып, баға өсуін тежеуге мүмкіндік береді.

    Қазір елде шамамен үш айға жететін қант қоры бар.

    Кейінгі жылдары, биыл баға қалай құбылды: статистика не дейді?

    Айта кетейік, кейінгі 3-4 жыл қатарынан Қазақстанда қант тапшылығы, қымбатшылық байқалып отыр. 2022 жылы жазда Қазақстанда қант тапшылығы туындап, баға күрт көтерілген еді. Кейін Үкімет импортқа тәуелділікті азайтып, отандық қант қызылшасын өңдеу көлемін ұлғайту бағытында бірқатар шара қабылдады.

    • 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қанттың бөлшек саудадағы бағасы 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 64,9 пайызға өскен. Бұл жылы бағаның ең жоғары өсімі жазда тіркелген. Кейбір айларда қант құны өткен жылмен салыстырғанда 87 пайызға дейін қымбаттаған.
    • 2023 жылы Қазақстанда қант бағасы жыл бойы түрлі бағытта өзгерді. Жыл басында тазартылған қанттың жылдық өсімі 32,2 пайызға, ал құмшекердің өсімі 55 пайызға жетті. Алайда жыл соңына қарай баға тұрақталды.
    • 2024 жылы қант бағасының жылдық өсімі шамамен 5,5 пайыз болды.

    Data Hub арнасы мәліметінше, биыл 24 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда қанттың орташа бағасы 1,6 пайызға өскен. Бұл — 2022 жылғы маусымнан бергі ең жоғары апталық өсім.

    Жыл басынан бері қант бағасы бірнеше рет көтерілгенімен, бұған дейін апталық өсім көбіне 0,2 пайыздан аспаған.

    Өңірлердегі ахуал қалай?

    Өңірлер арасында қант бағасы бойынша жоғары өсім Павлодарда тіркеліп, бір аптада 12,5 пайызға қымбаттаған. Одан кейін Семейде 5,5 пайыз, Көкшетауда 4,8 пайыз, Атырауда 3,1 пайыз, Түркістанда 2,9 пайыз, Петропавлда 2,2 пайыз және Оралда 1,7 пайыз өсім тіркелген.

    Қарағандыда қант бағасы елдегі орташа көрсеткішпен бірдей: 1,6 пайызға өсті. Астанада өсім 1,3 пайыз болды. Ал Алматы сегіз өңірдің қатарында қалып, мұнда бір апта ішінде қант бағасы өзгермеген.

    баға қант қызылша қымбатшылық

    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.