2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мойнында несиесі бар азаматтардың үлесі 88,6%-дан 87,1%-ға дейін азайған. Бұл туралы Қазақстан қаржы қауымдастығы шолуында атап өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz
Яғни, егер елдегі экономикалық белсенді халық саны 9,83 млн десек, несиесі жоқ адамдар саны 147,5 мыңға көбейген, деп жазады «Нарық жаңалықтары».
Демек, экономикалық белсенді халықтың ішінде 1,27 млн-ға жуық адамның мүлде несиесі жоқ. Қалған 8,56 млн адам банк алдында қарыздар. Яғни, әрқайсысы орташа есеппен 3 млн теңгеден қарыз.
Алайда, несиесі бар адамдардың қарыз сомасына келер болсақ, жыл басынан бері ол 4,3% өскен.
Яғни, біреулер несиесінен біржола құтылып жатса, енді біреулердің қарызы одан сайын көбейіп бара жатыр деген сөз.
