Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 14 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Қызылорда-Жезқазған» автожолы: үш учаскіде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын

    «Қызылорда-Жезқазған» автожолы: үш учаскіде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын

    Ел іші 01/11/2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қызылорда облысында республикалық «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде үш учаскіде жұмыстар аяқталуға жақындады. Осыған орай, ҚР Көлік министрлігінің бастамасымен Автомобиль жолдары комитеті мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мамандары және «ҚазАвтоЖол» АҚ компаниясы бірлесіп, БАҚ өкілдеріне «Сапа керуені» баспасөз турын өткізді.

    Қызылорда мен Жезқазған аралығында 424 шақырым жолдың 204 км Сыр өңірінің аумағына тиесілі. Еліміздің орталығы мен оңтүстігін жалғайтын төте жол көлік логистикасын жақсартып қоймай, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызы зор. Сыр өңірінде күре жолдың біршама бөлігінде жабынның жоғарғы қабаты төселіп, үш учаскеде үш қабат асфальт жабындысын аяқталуға жақын. Яғни, облыс шекарасынан бастап Қызылорда бағытына қарай 90 шақырым пайлалануға беріліп, 50 шақырым қоса жолда ішінара қозғалыс ұйымдастырылады. Жалпы жоспарға сәйкес 140 шақырым асфальт жабынымен қозғалыс берілетін болады. Қазіргі уақытта 3 учаске бойынша соңғы жабын бойынша асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақындап, жол таңбаларын сызу, жол белгілерін орнату және жол жиегін нығайту жұмыстары жүріп жатыр.

    — Жалпы «Қызылорда-Жезқазған» автожолы бойынша Қызылорда облысы аумағында 192 шақырымы қайта жаңғыртудан өтуде. Осы жылдың аяғына дейін ішінара 140 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысын ашу жоспарлануда. Жоспар бойынша жобаның аяқталу мерзімі Қызылорда облысында 2026 жылы деп белгіленген. Сонымен қатар, жобада мердігер компаниялар жолды абаттандыру, екі жағын тегістеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы ауқымды жол құрылысына 700-дей адам және 400 бірлікке жуық арнайы техника жұмылдырылып отыр,- деді ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы Нұртілек Хасенов.

    Қызылорда — Жезқазған автожолы

    Жалпы қайта жаңғыртудан өтіп жатқан күре жол 5 учаскеге бөлінген. Мердігерлердің 4-еуі қытайлық компания, біреуі жергілікті «Қыран» ЖШС. Және отандық кәсіпорын алғашқылардың бірі болып жұмысын аяқтағанын ерекше атап өткен жөн. Мұның өзі қазақстандық компаниялардың ауқымды жобаларға қатысып қана қоймай, халықаралық талаптарға сай жол салуға қауқарлы екенін көрсетіп отыр. Себебі, Еуропалық даму және қайта құру банкі арқылы қаржыландырылған жобада мердігерлерге өте жоғары талап қойылған. Осы үдеден шығу абыройлы міндет. «Қызылорда-Жезқазған» автожолының сапалы салынуы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мамандарының ұдайы бақылауында. Мәселен, 2024 жылы жылжымалы зертханамен қайта жаңғыртудан өтіп жатқан жолға 1028 рет тексеру жүргізілген. Жол жабындысы мен құрылыс материалдарынан 4,2 мың сынама алынып, соның 20 пайызы (857) зертханалық зерделеу барысында талапқа сай шықпаған. Алайда, анықталған олқылықтарды мердігерлер өз қаржысы есебінен қайта қалпына келтіріп, 167,1 миллион теңгенің жұмысын жүргізген.

    Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы РМК бас директоры Болатбек Айтбаев

    — Бұл республикалық маңызы бар автожол Мемлекет басшысының тікелей назарында. ҚР Көлік министрі де үнемі бақылауында ұстап отыр. Қандай да бір ахау анықталса, мердігер компания дер кезінде кемшіліктерді жойып, талапқа сай жұмыс істеп жатыр. Ал қазір салынған үш учаскедегі жолдың тегістігіне келетін болсақ, зерттеу жұмыстарының қорытындысымен 96-98 балл жүйесімен бағаланып, нормативтік талаптарға сай келетінін көрсетіп отыр. Яғни, бұл өте жақсы деген көрсеткіш. Және тағы бір айта кету керек, жолды салғаннан кейін де мердігерлерге 5 жылға дейін кепілдік мерзімі қаралған. Яғни, жолдың кейбір жерлері сыр беріп жатса, өз қаржысы есебінен қайта қалпына келтіретін болады,- деді «Жол актвитері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев.
    «Сапа керуені» баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері жаңа жолдың үстімен жүріп, Қызылорда облысының шекарасына дейінгі атқарылған жұмыстарды көзбен көрді. Жол салып жатқан жолшылардың тыныс-тіршілігімен танысып, қызу тірлікке куә болды. Жалпы жыл аяғына дейін «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 140 шақырымында көліктерде қозғалыс ашу күтілуде.

    автомобиль жолдары комитеті Жол Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жол құрылысы Жолсапа Қызылорда

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.