Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 3 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қызылсу қыспаққа алды

    Қызылсу қыспаққа алды

    КӘСІПКЕР 17.05.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Көкшетау. Қарғын су шаһарға таңғы сағат төрт жарым шамасында жайылған. Қаланы қақ жарып өтетін Қылшақты өзені аяқ астынан қыңыр мінез танытты. Қаланың байырғы тұрғындары жаз бойы жылап қана ағатын, арнасы тар, суы аз өзеннің соңғы рет қашан мінез көрсеткенін естеріне түсіре алмады. «Бақсақ бақа екен» дегендей, қала жұртшылығын таң сәріден естерінен тандыра жылы көрпелерінен жұлып алған – Ивановка су қоймасынан босатылған қарғын су екен. Оның үстіне, дәл сол күні қызыл асықтан келетін қырбақ қар жауған. Ауаның температурасы 7 градус шамасында. Қар бірден еріп кетті де, су қоймасынан аққан қызылсумен бірге Қылшақты өзенінің аңғарына құйылды. Өзен мұзы әлі еріп үлгермеген. Сол себепті Көкшетау қаласы автобекетінің жанында арнасынан асып, көпқабатты тұрғын үйлер мен жер үйлердің ауласын басып қалды. Ондаған үй суға кетті. Мектеп пен балабақшаға жету мүмкін болмай қалды.

    Барып көрдік. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов қалам ұстаған азаматтарды ертіп жүріп мән-жайды түсіндірді.
    Ол: «Кенесары мен Ивановка су бөгеттері мен Қылшақты өзенінің бойында бақылау бекеттері орналастырылды. Дәл қазір төтенше жағдайдың зардабын жою үшін 20 техника мен 300-ге жуық адам жанталаса жұмыс істеуде», – деді.
    Өзен аңғарынан судың асып кетуіне қала тұрғындарының, нақтырақ айтқанда, осы маңдағы жер үйлерде тұратын адамдардың да кінәсі бар. Жұрт көзінен таса, қаға берісте болған соң тұрмыстық қалдықты өзен аңғарына сырып, лақтырып тастай беріпті. Сөйтіп, Қылшақтының қылдай кеңірдегін буындырған да тастаған. Су табиғатқа тағылық жасағандардың өздеріне ұмтылған тәрізді.
    Тосын оқиғаның бетін қайтару үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апатты құтқару отрядынан 22 адам мен 1 техника, Бурабай ауданынан ондаған адам жұмылдырылған. Кешегі күні бәрі жабылып, су жырып кеткен жыраларды қапшықпен бітеп, топырақпен көміп, қауырт қимыл үстінде жұмыс істеп жатты. Бірақ қызылсудың бетін қайтару оңай шаруа емес. Сәл ғана көзін тапса бітті, әуелі сыздықтап, содан соң екпіндей ұмтылып, бұзып-жарып кетеді.
    Қалыптасқан жағдайды көрдік. Алғашқы күндегідей емес, су қайтып келе жатқан тәрізді. Қылшақтыны бойлай Қопа көліне құйылуда. Мамандардың айтуына қарағанда, бұрынғыдан арнасы әжептәуір тарылған Қопа 5 миллион текше метрге жуық су қабылдай алады. Демек, ағын судың барар жері бар.

    Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Казгидрометтің» облыстық филиалы бірігіп өткізген брифингте аталған департамент басшысының орынбасары, Манарбек Шапағатов Қылшақты өзенінің суы Кенесары су қоймасын бұзып кеткенін жеткізген болатын. Маманның айтуынша, еріген қар суы мен жауған қар салдарынан Кенесары су қоймасының деңгейі бірден көтерілген. Сөйтіп, су ұзындығы – 30 метр, биіктігі – 4 метр бөгеттің аумағын бұзып кеткен. Манарбек Шапағатов: «Ивановка су қоймасына – 2-2,5 миллион текше метр, Көкшетау қаласына 1,5-2 миллион текше метр су келуі мүмкін. Осыған байланысты Кенесары және Ивановка су бөгеттері, Көкшетау қаласында Қылшақты өзенінің бойында су деңгейіне мониторинг тұрақты жүргізілуде», – деді.
    Бөгеттің бұзылуы Кенесары ауылындағы тұрғын үйлерге қауіп-қатер төндіріп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда. Апта сайынғы гидрологиялық болжамға сәйкес, биыл 30 наурыздан 5 сәуірге дейін өзен су қорының көлемі 40-60 пайыз қысқарады деп болжам жасалды. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының директоры Бақыт Мақажанова: «Осы аптада жоғарыдағы өзендердің, сай-сала мен жылғалардың суы Есіл, Мойылды, Жабай, Сілеті, Шағалалы, Қалқұтан өзендері мен Нұр-Сұлтан су қоймасындағы судың деңгейін әжептәуір көтереді. Бұл жөнінде мемлекеттік органдарға ақпарат бердік», – дейді.
    Биыл қар жылдағыдан қалың түсті. Ақмола облысының өзендеріндегі ылғал қорының көлемі әдеттегіден 20-70 пайызға көп. Ылғал қорының көлемі мен жердің қату тереңдігіне жүргізілген талдау, сондай-ақ су қоймаларының 70-90 пайыз толуы көктемде Есіл, Сілеті, Қалқұтан, Жабай, Шағалалы өзендерінің жағасындағы Ақмола облысының елді мекендерін, өнеркәсіп нысандары мен инфрақұрылымын су алуы мүмкіндігін көрсетеді.
    Біз кеше Көкше өңіріндегі қызылсудың қаупі туралы ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетіне (ТЖК) хабарластық.
    ТЖК баспасөз қызметі өңірдегі ахуалды туралы баяндай келіп, 3 сәуір күні ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитетінде еліміздегі су тасқыны жағдайы мен оның алдын алу және жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы брифинг өтіп, жағдай жұртшылыққа таныстырылғанын айтты. ТЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары Марат Күлдіковтің айтуынша, Ақмола облысының Көкшетау қаласында екінші сәуірде сағат 04.50-де Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты алты үй мен 15 ауланы су басқаны тіркелген. Жүргізілген жұмыстардың арқасында барлық үйлер мен 11 ауладан су сорылды. 3 сәуірде сағат 06:00-дегі жағдай бойынша Көкшетау қаласында 4 аула маңы аумағы су астында қалған. Жергілікті билік пен ТЖ департаменті Қылшақты өзенінің арнасын нығайту бойынша жұмыс жүргізді. Құм толтырылған 150 қап пен 80 тонна құм төгілген.
    Барлығы 7840 текше метр су сорылды. 16 бірлік мотопомпа, төрт ассенизаторлық машина, екі трактор техникасы, екі өрт сөндіру автоцистерна жұмылдырылған. Зеренді ауданының Ивановка селосының ауданында бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. 40 тонна құм және қиыршық тас төселді. Сонымен қатар өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында жолды су шайып кетуіне байланысты «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар тас жолының 795-856 шақырымындағы жол бөлігі жабылды. Автокөліктің қозғалысы Рузаевка ауылы арқылы өтуде.
    Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан және Жамбыл облысынан қосымша көмек шақырылды. Бұл Ақмола облысындағы жағдай.

    Бет қатталып жатқанда:

    Төтенше жағдайлар комитеті өңірлердегі соңғы жағдайлар төңірегінде бізге төмендегідей ақпарат ұсынды: Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауылында 3 сәуір күні таңғы сағат 6-дағы жағдай бойынша 3 жеке тұрғын үй су астында қалған.
    Бұл 3 баспана Камышинское, Доман және Куликовское көлдерінің жағалауындағы жазық жерде орналасқан. Қазір суды сору жұмысы жүргізілуде. 15 наурыздан 3 сәуір аралығында республика бойынша көлік жолдарының 17 бөлігінде жол төсемін су шайды. Яғни Қарағандыда – 13, Ақмолада – 2, Павлодарда – 1, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 жол бөлігін қызылсу алып кеткен.
    Су шайып кету қаупі бар тас жолдарға қосымша 5163 метр уақытша бөгет тұрғызылды. 50736 дана құм толтырылған қап төселді. Ақмола, Қарағанды облыстарында, СҚО, ШҚО-да 997881 м3 су сорылды.
    Ақмола, Қарағанды облыстарында, СҚО, ШҚО-да авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге 692 адам, 177 техника, 63 мотопомпа және 21 қайық жұмылдырылды. Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында ТЖК аумақтық бөлімшелерінің және ЖАО өкілдері Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағын әуеден барлауды жалғастыруда.

    Байкен Көбеев,
    Ақмола облысы

    Фото: express-k.kz

    Оқылып жатыр

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    «Шағын және орта бизнесті құрдымға кетіру»: Алматылылық кәсіпкерлер президентке үндеу жолдады

    26.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.