Close Menu
    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 14 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

      14.05.2026

      Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

      14.05.2026

      Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

      14.05.2026

      Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

      14.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » “Руың кім?”. Қазақстандық Tiger Films кинокомпаниясы өз жұмысын тоқтатты

    “Руың кім?”. Қазақстандық Tiger Films кинокомпаниясы өз жұмысын тоқтатты

    Жаңалықтар 26.12.2025
    фильм постері
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    “Руың кім?” фильмінен кейін Tiger films кинокомпаниясы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы кинокомпания продюсері Алмат Шадмат мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    “Құрметті әріптестер, серіктестер және көрермен, біз Tiger films компаниясының кино өндірісі саласындағы қызметіне қатысты маңызды шешімімізді ресми түрде мәлімдейміз. Осы сәттен бастап Tiger films кино түсіру жұмыстарын толығымен тоқтатады. Бұл шешім бір күнде қабылданған жоқ, жағдайды жан-жақты сараптаудың нәтижесі. Қазіргі киноиндустрия тұрақсыз, болжап болмайтын, үлкен қаржылық және репутациялық қауіптері бар сала екенін тәжірибе жүзінде көрдік. Қалыптасқан жағдайда кино өндірісті жалғастыруды экономикалық және стратегиялық тұрғыдан тиімсіз деп санаймыз”, — дейді ол.

    Айтуынша, енді компания қызметінің бағытын өзгертеді. Бұдан былай Tiger Films кәсіби кинотехника құрал-жабдықтарын басқа продюсерлер мен шығармашылық топтарға жалға берумен айналысады.

    “Айта кету керек, барлық жоспарланған түсірілім процестері аяқталды. Қазіргі таңда бірқатар картина пост-продакшн кезеңінде, олар толығымен аяқталады. Алайда келесі кезеңде кино өндіріс бағыты толығымен жабылады”, — деп қосты ол.

    Ол бұл шешімге әсер еткен негізгі факторларға да тоқталды.

    “Солардың бірі фильміміздің “Оскар” сыйлығына жіберілмеуі үшін туындаған жанжал. Сонымен қатар жекелеген депутаттардың мәлімдемелері нәтижесінде Tiger films кинокомпаниясына  айтарлықтай имидждік және репутациялық зиян келтірілді. Бұл жағдай біз үшін соңғы шешімнің қабылдауына түрткі болды. Сонымен қатар бүгінгі жағдайда бізге кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі деген сенім жоқ. Егер компанияның қызметі ашық түрде айыпталса, ал кәсіби еңбегімізге күмән келсе, онда бұл бағытта жұмыс істеуді жалғастырудың мәні жоқ деп есептейміз. Осы себепті біз Тайгер Филмс брендімен кино өндіріспен айналысудан өз еркімізбен бас тартамыз”, — дейді ол.

    Оның сөзінше, Tiger Films төрт жыл ішінде 56  фильм түсіріп, жүздеген маманды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтып, қазақ киносының дамуына өз үлестерін қосқан.

    “Бұл тек компанияның жетістігі ғана емес, қазақ киносының дамуына жасалған үлкен қадам болды. Біз жаңа есімдерге мүмкіндік беріп, жас мамандардың тәжірибе жинауына және креативті индустрияның кәсіби деңгейінің өсуіне өз үлесімізді қостық”, — деп түйіндеді ол.

    Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда «Руың кім?» фильміне тыйым салынған еді.

    Бұл туралы фильмнің шығармашылық тобы хабарлады.

    «Руың кім?» фильмі 18 желтоқсаннан бастап белгілі бір себептерге байланысты кинотеатрларда көрсетілуін тоқтатады. Бізбен бірге болып, қолдау көрсеткендеріңізге алғыс!», — делінген жазбада.

    Фильмнің сценарий авторы Нұржан Еркінұлының сөзінше, туындының прокаттан алынуына цензура себеп болуы мүмкін.

    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.