Close Menu
    Оқылып жатыр

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 9 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

      08/09/2026

      Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

      08/09/2026

      60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

      08/09/2026

      Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

      08/09/2026

      Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

      08/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев көкөніс сақтау қоймаларының жай-күйін зерделеуді тапсырды

    Сапарбаев көкөніс сақтау қоймаларының жай-күйін зерделеуді тапсырды

    Өңір тынысы 28/04/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевтің айтуынша, ұн, макарон, жұмыртқа және сары май өндірісін екі есеге ұлғайту үшін жергілікті ресурстар жеткілікті. Бір ай ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарының әлеуетіне мониторинг жүргізіліп, азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтыну арасындағы балансты сақтау жөнінде ұсыныстар әзірленбек , — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Өңір басшысы көкөніс сақтау қоймаларының жай-күйіне зерделеу жүргізудің маңыздылығына тоқталып, қажет болған жағдайда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жаңа құрылыс салу керектігіне көңіл бөлді. Бұл жұмыстарға тарту үшін бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Аудан әкімдері тиісті жер телімдерін барынша қысқа мерзімде бөлуді қарастырғаны абзал.

    Облыста өндірілмейтін немесе олардың тапшылығы байқалатын өнімдерді жеткізіп отыру бойынша басқа өңірлермен уақыт созбай келісім орнату қажет. Бірінші кезекте бұл ұн, макарон, күріш, бұршақ, өсімдік майы, қарақұмық тауарларына қатысты. Сәуір-мамыр айларында облыс қырыққабат және картоп импортына тәуелділікті сезіне түсуде. Бұршақ, алма, балық, қаймақ, сүзбе және басқа да өнімдер толық және жартылай көлемде жеткізілуде.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова хабарлағандай, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша тамақ өнеркәсібі 47,4 пайыз, химия өнеркәсібі 8,8 пайызға төмендеген. Бірінші жағдайдағы құлдырау көрсеткіші қант зауыттарын тоқтайына байланысты орын алған.

    Баяндамашы жоғарыда аталған салалардағы шығындардың орнын толықтыра алатын өнімдердің тізбесі мен көлемін тілге тиек етіп, соның ішінде құрылыс, құрылыс материалдары мен металдар өндірісіне назар аудартты.

    Облыс әкімі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандәулет Кенжебековтің баяндамасын тоқтатуға мәжбүр болды.

    — Маған басқа салалардағы шығындарымызды алмастыратын өнім түрлеріне талдау қажет. Пайдалы қазбалар бойынша зерделеу шараларын ұйымдастырып, оларды игеру үшін инвесторларды жедел тарту қажет. Көптеген кәсіпорындар жұмыс істеуге, өнім көлемін арттыруға ниет білдіріп отыр, алайда басқарма мен басқа да жауапты құрылымдар тарапынан қолдау жоқ. Сіздің басты міндетіміз –индустрияны, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысу.
    Дағдарыс – бұл жаңа мүмкіндіктер уақыты, оны пайдаланбау ақымақтық болар еді. Өндіріс пен тұтыну арасындағы балансты жүзеге асыру жолдарын іздеу, өндірістік күштерді орналастыру схемасын құру қажет. Экономикада жеңіл, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жолдарын ойластыру керек.

    Біз неге өзімізді сол макаронмен, балықпен қамтамасыз ете алмаймыз? Ал облыста су қоймалары жеткілікті. Аудан әкімдері өндірістерге жиі барып, олардың ассортиментін кеңейтіп, толық қуаттылыққа жұмыс істеуі үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру керек, — деп тапсырды облыс әкімі.

    Күн тәртібіндегі келесі мәселені бойынша ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аусылмен, бруцеллезбен және конго-қырым геморрагиялық қызбасымен күрес, эпизоотияға қарсы іс-шараларды қаржыландыру, 36 ветеринарлық пункттің өз ғимараттарының жоқтығы, қаңғыбас иттер мен мысықтарды орналастыруға арналған арнайы питомниктердің тапшылығы және басқа да мәселелер талқыланды.

    ауыл шаруашылығы Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026

    Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

    08/09/2026

    Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

    08/09/2026

    Даулы жеңіс: Көшпенділер ойыны шумен аяқталды

    07/09/2026

    Щучинскідегі 12 адам қаза болған жарылысқа қатысты үкім шықты

    07/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.