Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 6 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026

      Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

      05.05.2026

      Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Сәтсіз әзіл». Аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған шенеунік қызметінен босатылды

    «Сәтсіз әзіл». Аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған шенеунік қызметінен босатылды

    Өңір тынысы 23.01.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі Жамбыл облыстық Әдеп жөніндегі Кеңес отырысында қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесіп, аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

    Мейіржан Сүлейменов болса, бұл жай ғана достар арасындағы әңгіме барысындағы әзіл екенін айтқан.

    «Енді телефонмен кім не айтпайды? Сондай әңгіме болған шығар. Иә, Алматыға ауысамын деген жоспар болған. Бірақ ол жерде жолдастармен салмақты әңгіме болған емес. «Сатып аламын, осыншама ақша беремін» деген. Ойнап, достармен бір жерде айтқан шығармын», — дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов әдеп кеңесінде. 

    Әдеп жөніндегі Кеңес шенеуніктің лауазымын төмендетуді ұсынды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мейіржан Сүлейменов атқарып отырған қызметінен босатылды.

    Айта кетейік, осыған дейін КТК телеарнасы Жамбыл облысында әкім лауазымын сатып алғысы келген шенеуніктің басы дауға қалғаны туралы жазды. Меркі ауданы әкімнің орынбасары Мейіржан Сүлейменов өзінің басшысының жайлы орнын иеленуге 50 мың доллар бермек болыпты. Басшы болудан дәмелі шенеуніктің телефонмен сөздері ұлттық бюроның қолына тиген.

    «Рустамбеков айтады, сенің мәселең шешіліп жатыр, солай-солай деп. Бұл кісі жауап береді. Сұрайды. Тағайындалған кезде 200 мың доллар болмай ма, үстеме сұрамайма, азар болса 50 мың шығар бере алатыным, кейін оны қайдан шығарып аламын деген сияқты әңгімелер. Сондай бірнеше әңгіме. Шөленбаев Бақытқан деген кісімен. Нақты тағайындалу бойынша. Аудан әкіміне», — дейді Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Қайрат Дүнбаев.

    жұмыстан босатылды Меркі ауданы сыбайлас жемқорлық

    Оқылып жатыр

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Тоқаев Президент әкімшілігінің басшысын ауыстырды

    05.05.2026

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.