Close Menu
    Оқылып жатыр

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 19 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

      19.03.2026

      Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

      19.03.2026

      Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

      19.03.2026

      Ақүйден Ақордаға жеткен хат

      19.03.2026

      Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

      18.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Шахристан» тарихи кешені Жамбыл облысының 80 жылдығына орай пайдалануға беріледі

    «Шахристан» тарихи кешені Жамбыл облысының 80 жылдығына орай пайдалануға беріледі

    Өңір тынысы 06.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы Жамбыл облысының 80 жылдығына орай пайдалануға берілетін «Шахристан» тарихи кешені бой көтеріп жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың идеясымен «Шахристан» сауда орнын тиімді пайдалану жоспары өткен жылдың маусым айында қолға алынды.

    Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында салынып жатқан кешенде өлкетану мұражайы, көрме павильоны, «Руханият» орталығы, көркемдік бейнелеу өнерінің галереясы, қолөнер шеберлерінің галереясы,«Ретро-фестиваль» амфитеатры бой көтереді. Бүгінгі күні кешеннің құрылысын «Өмірзақ» ЖШС және «КДСМ» ЖШС екі ауысымда қарқынды жүргізуде.

    Осы нысандармен қатар, этно-тарихи кешеннің абаттандыруы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстарын іске асыру ағымдағы жылы жоспарланған.

    Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, осы жылы Төле би даңғылы бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі сквері, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясы (арбат) және  «Мамыр» саябағын абаттандыру мен «Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылатын болады.

    Айта кетейік, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен  көне Тараз қаласының сәулеттік келбетін арттыру мәселесі қолға алынып отыр. Сонымен қатар, қаладағы Төле би көшесінің бойында орналасқан «Шахристан» кешенін қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу, қалпына келтіру жұмыстары да бастау алды. Сол себепті өңір басшысының тапсырмасымен «Шахристан» тарихи-мәдени кешенін жаңғыртуға жоғары деңгейде көңіл бөлінді.

    Жалпы, кешен аумағы 200 гектарға созылып жатыр. Болашақта кешен аумағына көркемсурет галереясы, облыстық өлкетану мұражайы, 700-800 орындық амфитеатр, көлемді сағат стелласы, көрме залы және «Руханият» орталығы салынады деп күтілуде. Қазіргі таңда мұнда тиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері Тараз қаласын түлетудің тың жолдары қарастырылып, тиісті ұсыныстар енгізілуде. Екі мың жылдан астам тарихы бар көне қаланың сәулеттік келбетін арттыруға бүгінде тиісті мекемелердің бәрі де атсалысып келеді. Тараз қалалық сәулеттік бюро мекемесіне қала ішінен бой көтеретін нысандардың нобайын сызып, сұлбасын дайындау жүктеліпті. Бюро басшысы Арман Әбдешов қазіргі уақытта «Шахристан» этномәдени орталығының жобасына ерекше мән беріліп отырғанын жеткізді. Сондықтан да аталған орталықтың құрылысы ағымдағы жылдың күз мезгіліне дейін аяқталатын болады.

    Сонымен қатар, болашақта «Көне Тараз» кешені мен «Шахристан» этномәдени орталығы қосылады. Сол екі нысанның арасынан бір шақырымға созылатын арбат құрылысы жүргізіліп, шаһар көркін арттыруға ерекше серпін береді. Бұдан бөлек, «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде «Көне Тараз» стансасы салынып, аспалы жол тартылады деп жоспарлануда. Аспалы жол «Тектұрмас» кешенінен «Шахристан» орталығына дейін созылатын болады. Мұның бәрі де көне Тараз шаһарының тарихын білгісі келген туристерге жасалған жақсы жағдай болып есептеледі. Бұл орайда Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова алдағы уақытта «Шахристан» орталығында 60 шақты шеберхана орналасқан қолөнершілер қалашығы пайда болатынын, бұл өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін де жақсы болатынын айтты.

    «Шахристан» кешенін қайта түлетуге арналған жаңғырту шараларын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік Әулиеата жеріне келетін туристердің қатарын биыл 400 мыңнан асыруға барынша күш салуда. Ал, жергілікті әкімдіктің мәліметінше, бүгінде жоғарыда аталған бағытта 50-ге жуық кәсіпкерлік нысан арнайы тіркеуден өтіп, қызмет көрсетуге әзір екен. Сондай-ақ, жуырда Тараз қаласындағы «Төрткүл» тарихи кешені маңынан бірегей «Қазақ ауылы» этножобасы да бастау алып, көптің қызығушылығын тудырды. Ол үшін Тараз қаласынан 12 арнайы туристік бағыт әзірленіп, қонақтарға ыңғайлы жағдай туғызу мақсатында 33 туристік орталық арнайы мобильді қосымшаға егжей-тегжейлі түсіндіріліп, енгізілген. Ол жерден барлық қажетті мәліметтерді QR код арқылы да бес тілде алуға мүмкіндік бар екен. Сондай-ақ, ол қосымшада Жамбыл облысында қызмет ететін 178 қонақ үй мен 300-ден астам тамақтану орнының және көлік тасымалының сызбасы, ақша айырбастау пункттері мен туристік агенттіктердің тізімі, бағалары жасақталған.

    Досаев Қайрат Рухани жаңғыру Тараз

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026

    Ақүйден Ақордаға жеткен хат

    19.03.2026

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.