Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026

      Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

      02/11/2026

      Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

      02/11/2026

      Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шымкенттегі газ құю станциясында болған өрттің себебі анықталды

    Шымкенттегі газ құю станциясында болған өрттің себебі анықталды

    Ел іші 12/07/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шымкентте автоцистерналарды толтыруға арналған газ құю станциясындағы өрт сұйық отынды құю кезіндегі технологиялық процестің бұзылуынан болған. Оқыс жағдайды бір айға жуық зерттеген арнайы топ осындай қорытындыға келді, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

    Еске салайық, қайғылы оқиға 7 маусымда болған еді. Өрт салдарынан 20 жастағы Ерлан Анар қайтыс болған. Денесінің 98 пайызы күйіп қалған марқұм отбасындағы сегіз баланың тұңғышы екен. Ол газ құю станциясында өткен жылдың күзінен жұмыс істеп келген. Зардап шеккен отбасыға берілетін материалдық көмек мөлшері әзірше айтылмады. Ал тексеру тобы шыққан қорытындыны полиция департаментіне жолдайды.

    Комиссия төрағасының айтуынша, сиымдылығы 60 текше метр автоцистернадан газ құю кезінде шланг толық бұралмай, ажырап кеткен. Ол кезде екпіні қатты газ 20 жастағы операторды ұшырып жіберген. Арада он секундтай уақыт өтер-өтпестен шланг темірі соғылып ұшқын пайда болып, жарылысқа әкелген. Автоцистерна жүргізушісі қашып үлгергенмен, оператор жалын ортасында қалып қойған. Дәрігерлер үш күн арпалысқанымен 20 жастағы жігіт бақилық болды. Комиссия мүшелері апатқа серіктестік тарапынан жіберілген бірқатар кемшілік себеп деп түйді.

    «Бригаданың құрамын толық жасақтамаған. Екі адамның орнына бір адамды жұмысқа жіберген, негізі сол. Технологиялық ережелер орындалмаған, осы газ толтыру жұмыстарының технологиялары жасалмаған. Ол техникалық ережеде барлық тәртібі, қандай қауіпсіздік шаралары бар, қалай істелуі керек — бәрі толық жазылуы керек. Онымен оператор таныстырылуы қажет. Соны таныстырып оқыту жағы бұл жерде толық жүргізілмей отыр», — дейді ҚР ИИДМ комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Сәрсенбай Теңлесбай.

    газ жарылыс Шымкент

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

    02/11/2026

    Қазақстанда мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды

    02/11/2026

    Сәтбаев университеті SU Labs Street жобасын таныстырды

    31/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.