Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026

      Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

      02/11/2026

      Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

      02/11/2026

      Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сооронбай Жээнбеков Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс болған аймаққа барды

    Сооронбай Жээнбеков Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс болған аймаққа барды

    Жаһан 26/07/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасына милиция мен шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді, жағдай тұрақтанды, — деп хабарлайды Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.

    Мемлекет басшысы Тәжікстанның Исфара қаласына баратын жол бойындағы Ақ-Сай ауылының тұрғындарымен кездесті. Сооронбай Жээнбековтің айтуынша, Баткен облысының шекарасындағы жағдай бақылауда. Ол құқық қорғау органдарына, қарулы күштерге, барлық министрліктер мен ведомстволардың басшыларына тиісті тапсырмалар бергенін атап өтті.


    © Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

    «Бүгінгі таңда тәжік тарапымен бірге қабылданған шаралардың арқасында жағдай тұрақтанды. Баткен облысына ішкі істер органдары мен мемлекеттік шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бұл жұмыс біздің өткен кездесулерден кейін жедел түрде өткізілді. Енді шекарадағы жағдайды бақылау бойынша патрульдік жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. Шекара толығымен біздің бақылауымызда болады», — деп атап өтті Сооронбай Жээнбеков.


    © Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

    Ол шекара маңында орналасқан ауылдардағы әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санын арттырғанын атап өтті.

    «Сіздердің қауіпсіздігіңіз бен біздің мемлекеттің мүддесі алдыңғы орында. Қазіргі уақытта біз шекараға қатысты барлық мәселелерді шешу бойынша басқа да шаралармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мен және үкімет басшылары Тәжікстан басшылығымен тұрақты келіссөздер жүргізіп отырамыз», — деді Қырғызстан басшысы.


    © Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

    Оның айтуынша, ауылдарда әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салынады. Екі апта ішінде шекара маңындағы елді мекендердің тұрғындарын жаңа жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етеді.

    «Әлеуметтік мәселелер шешіледі. Ең бастысы — арандатушыларға ермеуге шақырамын. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеңіздер. Қырғыздар ежелден өзінің кең пейілімен және қонақжайлығымен танымал. Біз көрші елмен жақсы қарым-қатынасты сақтауға және нығайтуға ұмтылуға тиіспіз. Жанжалдар тек зиян келтіреді. Шыдамды және ұстамды болайық», — деді Сооронбай Жээнбеков.

    АҚ-Сай ауылындағы жергілікті тұрғындармен кездесу аяқталғаннан кейін ол Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмонмен Исфара шекаралық қаласына кездесуге барды.

    Еске салсақ, бұған дейін қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығысқа байланысты Қырғызстан билігі Ақ-Сай және Қапчығай шекара маңындағы ауылдардың тұрғындарын эвакуациялаған еді. Жанжал Қырғызстан мен Тәжікстан президенттерінің кездесуіне дайындық кезінде басталған.

    қақтығыс Қырғызстан Тәжікстан шекара

    Оқылып жатыр

    Binance шабуылға ұшырады: Шығын 6,3 млрд$ болуы мүмкін

    30/10/2026

    ЖИ болашақта қаржы жүйелерін шабуылдайды — Илон Маск

    30/10/2026

    БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

    27/10/2026

    Қайран 12 млрд доллар! Қашаған бойынша арбитражда Қазақстанға пайда жоқ

    23/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

    02/11/2026

    Қазақстанда мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды

    02/11/2026

    Сәтбаев университеті SU Labs Street жобасын таныстырды

    31/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.