Close Menu
    Оқылып жатыр

    «Ақтөбе» жанкүйерлері клубтың жаңа басшылығына қарсылық білдірді

    09.01.2026

    Қайрат Сатыбалды Есентай өзені маңындағы қонақүйді мемлекетке өткізді

    09.01.2026

    Шымкенттің бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

    09.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 9 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      «Ақтөбе» жанкүйерлері клубтың жаңа басшылығына қарсылық білдірді

      09.01.2026

      Қайрат Сатыбалды Есентай өзені маңындағы қонақүйді мемлекетке өткізді

      09.01.2026

      Шымкенттің бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

      09.01.2026

      Шымкентте мұнай өнімдерін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

      09.01.2026

      Жәнібек Әлімханұлы ісі: Кәсіби бокс федерациясы мәлімдеме жасады

      09.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Су тасқынынан кейін берілген үйді әкім сотпен қайтарып алмақ» – Оралдық мұғалім Президенттен араша сұрады

    «Су тасқынынан кейін берілген үйді әкім сотпен қайтарып алмақ» – Оралдық мұғалім Президенттен араша сұрады

    Басты тақырып 24.11.2025
    википедия/facebook.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Орал қаласының тұрғыны әрі мұғалім Айнұр Сабыр Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Тереғалиұлының әрекетіне байланысты Президентке, Үкіметке және Парламент депутаттарына ашық түрде үндеу жолдады. Оның айтуынша, былтырғы су тасқынынан кейін берілген жаңа үйді облыс басшылығы “заңсыз берілген” деп сот арқылы тартып алмақ, деп хабарлайды Tarazy.kz 

    “Құрметті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов! ҚР Парламентінің Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев! ҚР Парламентінің Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов! Мәжіліс депутаттары Абзал Құспан, Асхат Аймағамбетов, Нартай Сәрсенғалиұлы, Бақытжан Базарбек мырзалар! Сіздерден көмек сұраймын!

    Менің аты-жөнім – Айнұр Сабыр. Орал қаласының тұрғынымын. Мұғаліммін.

    2024 жылы Орал қаласын су басқан кезде аса ірі көлемде зардап шектім. Орал қаласы аумағында орналасқан, ішіне газ, жарық, су тартылған үлкен қысқы үйім суға кетіп, бір ай бойы су астында тұрды.

    ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың “Су тасқынынан зардап шеккендер үйсіз қалмасын” деген тапсырмасына орай, Орал қаласы әкімдігі 2024 жылы жарамсыз үйдің орнына үй беріп, шығындарымызды өтеген болатын”, — дейді ол. 

    Оның айтуынша, барлық тексеруден өткен құжаттар комиссия тарапынан расталып, мамандар үйді “тұруға жарамсыз” деп таныған. Осылайша арнайы комиссиялар “үй берілсін” деген шешім шығарған.

    “Алайда бір жылдан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы тұрғындарды сотқа беріп, Орал қаласы әкімдігі берген үйді заңсыз деп тануды сұрап отыр”, — деп қосты ол.

    Айтуынша, төтенше жағдайдан зардап шеккендерге Президенттің тапсырмасымен еліміздің кәсіпкерлері көмектескен.

    “Маған да қала әкімдігіне суға кетуден зардап шеккен тұрғындарға демеушілікпен “Alageum” зауыты алып берген үйлердің бірі берілді. Үйдің кілтін зауыт директоры Дүрен мырза ұлым екеуімізге өз қолымен табыстаған болатын”, — деді ол.

    Айнұр Сабырдың сөзінше, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев бұл үйлерді “заңсыз берілген” деп танытпақ.

    “Енді зардаптың қара бұлты сейіліп, бастан өткен ауыр жағдайды ұмыта бастасақ, облыс әкімі өз тұрғындарына озбырлық көрсетіп, тісін батырып отыр”, — дейді ол.

    Мұғалім бұл мәселе бойынша Орал қалалық прокуратурасы да кезінде құжаттарды қарап, зардап шеккен отыздан астам тұрғынға бірдей санатпен үй берілгенін айтады.

    “Жағдайымыз бірдей. Қылышын сүйретіп қыс келгенде облыс әкімі бізді қайда жібермек? Жарамсыз үйлеріміз бұзылды. Жері үкіметтің иелігіне өтіп кетті. Енді біз қайда барамыз?

    Әлде Президенттің тапсырмасы төтенше жағдайдың дау-дамайы басылғанша ғана орындалған ба?

    Облыс әкімі өз тұрғындарына жанашырлық танытпаса, бізге кім көмектеседі?”, — деп қосты ол.

    Кейінірек Айнұр Сабыр Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке қатысты кезекті мәлімдемесін жариялады. Айтуынша, әкім тарапынан өзіне қатысты “алаяқ” деген сипаттағы көзқарас байқалып, берілген үйге байланысты сотқа тарту жұмыстары әділетсіз жүргізіліп жатыр.

    “Әкімнің мені алаяқ қылып көрсететін жауабын тыңдауға дайынмын. Үйді әкімнен тартып алған жоқпын, басып кірген жоқпын. Төтенше жағдайдан зардап шегуші деп танып, бір жыл бұрын рұқсат берген өздері. Кілтті әкімнің қолынан алған жоқпын, демеуші тарап табыстады”, — деп жазды ол.

    Ол өзіне берілген үйдің облыс әкіміне “басқа жоспарлар” бойынша қажет болғандай көрінгенін ашық айтады.

    “Әкімнің маған берген үйге басқаааа жеке жоспары болған сияқты… Ол үйдің маған беріліп қойғаны өзін де,  өзгені де біраз сергелдеңге салыпты дейді-мыс… Бұл бір үлкен хикая…“ — дейді мұғалім.

    Айнұр Сабыр әкімнің отыз тұрғынның ішінен тек өзіне қатысты сотқа талап қоюын түсінбейтінін атап өтті.

    “Нариман Төреғалиұлы, мені үй берілген отыздықтан бөліп алып, сотқа бергеніңіз қалай? Сотқа бердің бе, отыз адамды бірге бер. Әлде отызды шулатпай, отыздың біреуіне шыққан шешіммен “отыз қоянды атып алмақшысыз ба?” Әлде мақсатыңыз басқа ма? Әңгіме маған берілген үйде ме?” — деп жазды ол.

    Мұғалім өткен жылғы апат кезіндегі әкімнің әрекетін еске салды.

    “Жұрт сумен алысып, құжатын қолына ұстап, әрлі-берлі сергелдеңмен жүргенде сіз алдымызға келіп, халықтың алдына шығып, шарасыздан шыққан жасымызды сүртіп, «Айналайындар» деген жоқсыз ба?

    Мына марапатты да мен сізден тартып алдым ба?

    Үйіңізбен қоса, марапатыңыздың күшін жойып,  сотпен тартып алыңыз” — дейді тұрғын.

    баспана мәселесі дау мұғалімдер Орал су тасқыны

    Оқылып жатыр

    «Ақтөбе» жанкүйерлері клубтың жаңа басшылығына қарсылық білдірді

    09.01.2026

    Қайрат Сатыбалды Есентай өзені маңындағы қонақүйді мемлекетке өткізді

    09.01.2026

    Шымкенттің бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

    09.01.2026

    Шымкентте мұнай өнімдерін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    09.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    «Ақтөбе» жанкүйерлері клубтың жаңа басшылығына қарсылық білдірді

    09.01.2026

    Қайрат Сатыбалды Есентай өзені маңындағы қонақүйді мемлекетке өткізді

    09.01.2026

    Шымкенттің бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

    09.01.2026

    Шымкентте мұнай өнімдерін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    09.01.2026

    Жәнібек Әлімханұлы ісі: Кәсіби бокс федерациясы мәлімдеме жасады

    09.01.2026

    Қазақстанда балалардың шотына 1 ақпанға дейін жаңа төлем түседі

    08.01.2026

    Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі саналы өмір сүруге арналған жоба ұсынды

    08.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.