Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

      21/10/2026

      39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

      21/10/2026

      45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

      21/10/2026

      Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

      21/10/2026

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда 1 миллион теңге тұрғын үй сертификаттары беріледі

    Таразда 1 миллион теңге тұрғын үй сертификаттары беріледі

    Өңір тынысы 12/09/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылдықтардың «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болуына мүмкіндік артады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Тың бастама қазан айынан бастап қолға алынады. Қазір көмектің қандай санаттағы азаматтарға берілетіндігі бекітіліп жатыр. Ол туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров айтып берді.

    Оның айтуынша тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз және әлеуметтік қолдау ретінде яғни қайтарымды бюджеттік кредит ретінде берілмек. Сертификат мөлшері бастапқы жарнаның бір бөлігі ретінде 1 миллион теңгеге дейінгі қаржыны құрамақ. Бұл бағытта ағымдағы жылы 3,2 миллиард теңге қарастырылмақ.

    «Сертификат тек жаңа үйге ғана беріледі. Егер әр адам басына табысы 42 мыңнан асып кететін болса, ол сертификат әлеуметтік қолдау ретінде қайтарымды болып беріледі. Ал егер қаражат адам басына шаққанда жетпейтін болса, ол әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз беріледі. Жалпы өңірде биыл 465 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда 26 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 21-і – мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиемен берілетін үйлер. Қазірдің өзінде 800-ге жуық пәтер дайын тұр. Жыл соңына дейін тағы 740 пәтерлі 12 үйді тапсыру көзделіп отыр», — дейді басқарма басшысы Жайықбай Шалдаров.

    Аталмыш басқарма басшысы бұл орайда сертификат «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламалары арқылы жүзеге асатынын айтып, олар бойынша да белгіленген санаттардың бар екенін тілге тиек етті. Айталық, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы және толық емес отбасылар аталмыш жеңілдікке қол жеткізбек. Ал, «7-20-25» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттары денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы және өзге де басым салалардағы қажетті, тапшы мамандарға үлестірілмек.

    Айта кетейік, салалардағы қажетті мамандар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген.

    Тараз тұрғын үй

    Оқылып жатыр

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026

    Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

    21/10/2026

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.