Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026

      Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

      02/11/2026

      Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

      02/11/2026

      Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары сотталды

    Таразда депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары сотталды

    Өңір тынысы 07/04/2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Таразда сот депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты үкім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Тараз қаласы №2 соты субсидияларды ұрлау туралы іс бойынша үкім шығарды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы алаяқтық, яғни адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену бойынша 4 адамға қатысты қылмыстық іс қаралған. Олардың қатарында «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болған Ерлан Күлкеев, кәсіпкерлер Елжан Елібай, Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалық бар.

    Нәтижесінде сот «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болған Ерлан Күлкеев, сондай-ақ кәсіпкерлер Елжан Елібай, Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалық субсидиялау қағидаларын бұзып, сатып алынған «Альбион» құлпынай көшеттері үшін (оларды шаруа қожалықтарына рәсімдеп) мемлекеттік субсидиялар алғанын, олардың бір бөлігі алаяқтық жолымен ұрланып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалғанын, осылайша, мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келтіргенін анықтаған.

    Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық — Мәжіліске «Ауыл» партиясынан сайланған Жигули Дайрабаевтың ұлдары. Бұл мәліметті Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалым Күлекеев растады. Олардың кінәсі жиналған дәлелдемелермен, куәлердің айғақтары, бейнежазбалар, сарапшылардың қорытындылары, заттай дәлелдемелермен дәлелденген. Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша Дайрабаев пен Молдақалыққа түпкілікті әрқайсына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сотталушылар кінәлерін мойындамай, ақтауды сұраған.

    Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайға Күлкеевтің кәсіби антты бұзғанын, ал жеңілдететін жағдайларға соттылықтарының болмауы мен Күлкеевтің, Дайрабаевтың, Молдақалықтың кішкентай балалары болуын жатқызған.

    «Дайрабаев пен Молдақалықтың мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, түпкілікті әрқайсына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, пробациялық бақылауға белгілене отырып шартты түрде тағайындалды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ», — делінген хабарламада.

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

    02/11/2026

    Қазақстанда мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды

    02/11/2026

    Сәтбаев университеті SU Labs Street жобасын таныстырды

    31/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.