Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда ұзындығы 850 метрлік «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді

    Таразда ұзындығы 850 метрлік «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді

    Өңір тынысы 13.12.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласында таңғажайып демалыс орны – «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы аясында салынған нысан құрылысы «Қазфосфат» ЖШС-інің демеушілігімен жүзеге асқан. Ол үшін серіктестік 300 млн. теңге қаржы жұмсаған.

    Қайта жаңғыртудан соң тамаша кейіпке енген жағалаудың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

    — Облыс орталығы саналатын Тараз қаласы көптеген қонақтар мен туристердің тұрақтайтын орны. Сондықтан шаһардың шырайын арттыру, жайлы орта қалыптастыру – біздің мерейлі міндетіміз.

    «Таразға тарту» жобасы аясында жыл басынан бері қаншама аллеялар, саябақтар жөнделіп, салынып, пайдалануға берілді. Көпқабатты үйлердің қасбеттері сырланды.

    Көркем гимнастика және үстел теннисі спорт кешені, Анаға тағзым орталығы, Ана мен бала сквері және тағы да басқа нысандар бой көтерді. Бұлардың барлығы демеушілердің қолдауымен іске асты.

    Бүгінгі «Үшбұлақ» жағалауын да өңіріміздегі ірі кәсіпорын «Қазфосфат» ЖШС-і салып беріп отыр. Бұл жағалау тараздықтар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналарына сенімдімін,-деген аймақ басшысы аталған компания басшылығы мен жұмысшыларына тұрғындар атынан алғыс айтып, Алғыс хат табыстады.

    — Тараз – тек Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Тарихы терең қаланың ажарын арттыру жолындағы біздің жұмысымыз өз нәтижесін берді деп ойлаймын. Осыған өз үлесімізді қосқанымыз біз үшін үлкен мәртебе. Шаһарымыз көркейіп, дами берсін,-деді ЖШС бас директоры Нұрхан Нұрланұлы.

    Бұдан соң қонақтар облыс әкімімен бірге жаңа нысанды аралап, танысты.

    Айта кетейік, жағалау Д.Қонаев көшесінен Зербұлақ көліне дейін жалғасады. Ұзындығы – 850 метр.

    Жағалау жаяу жүргіншілер жолынан басталады. Су ортасында диаметрі 19 метр болатын «Жасанды арал» (пирс) салынған. Аралда қазақы жылнамадағы жыл басы болуға таласқан жануарлардың мүсіндері орналасқан. Жасанды арал көпір арқылы жаяу жүргіншілер жолына қосылған.

    Жағалаудың сол жақ қанаты мәрмәр түйіршіктерінен жасалған ою-өрнектермен безендірілген. Ұзындығы 60 метр болатын аспалы көпір де күрделі жөндеуден өтіп, түнгі жарықтандырумен қамтылған.

    Сондай-ақ, мұнда заманауи «Street workout» спорт алаңшасы мен әткеншек орналасқан. Ұзындығы 450 метрді құрайтын веложол да бар. «Үшбұлақ» жағалауы бойында 3 пандус, 40 орындық пен қоқыс жәшіктері қойылған. Жаяу жүргіншілер жолына 4 мың шаршы метр өрнектас төселген.

    Жағалауға келушілерге барлық жағдай жасалған. Күн батқанда қосылып, таң атқанда өшетін жарықтандыру бағандары мен 1000 шаршы метрлік көлік тұрағы салынған.

    Жағалау кеңейтіліп, түбі тегістеліп, балдыр басып кетпес үшін қиыршық тас төселген. Алдағы уақытта жағалау суына балық жіберу жоспарлануда.

    — Жыл өткен сайын сүйікті қаламыз жаңарып, көркейіп келеді. Биылдың өзінде көптеген демалыс орындары пайдалануға берілді. Бүгінгі жағалау да біз үшін мереке қарсаңындағы тамаша тарту болып отыр. Мемлекет, облыс басшылығына, осыған атсалысқан кәсіпорынға үлкен алғысымызды айтамыз,-дейді қала тұрғыны, зейнеткер Қадіркүл Әлімқұлова.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.