Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда жол жөндеу жұмыстары басталды

    Таразда жол жөндеу жұмыстары басталды

    Өңір тынысы 08.04.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Таразда халық тарапынан түсетін арыз-шағымның 80 пайызы тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты. Жолдың жайы, ауыз су, жарықтандыру мәселесі – күн тәртібінен түскен емес. Облыс орталығына жаңадан тағайындалған әкім Е.Жылқыбаевтың да биыл ең алдымен осы мәселелерді шешу жоспарында. Тараз қаласының аумағына қосылған елдімекендер мен жаңадан бойкөтерген тұрғын-үй алқаптарында жол жайы — өзекті мәселелердің бірі.

    Бірақ, алдымен ауыз су мәселесі шешімін таппай асфальт жол төсеу тиімсіз әрі қаражатты мақсатсыз игеру болып табылады. Сондықтан, жол мәселесі бар аудандардың әзірге жолын тегістеп, шағал төселеді. Ал, ауыз су кірген елдімекендерге кезең-кезеңімен жол салынады.
    Қаланың кейбір жолдары жөнделгеніне жыл өтпей жатып қайта асфальты үгітіліп жатқан жағдайлар кездеседі. Алайда, кез-келген мердігердің кепілдемесі болатындықтан, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін болады.

    Бүгінгі таңда Тараз қаласының аумағында 1388 көше жолдары бар. Оның 745-і асфальталған (53,7%), қалған 643-і шағал жолдар (46,3%) болып табылады. Сондай-ақ, жолдардың жалпы ұзындығы — 1831,3 шақырымды құрайды, оның ішінде 1092,6 асфальт (59,6%) жабынды, 738,7 шағал төсеніш төселген (40,4%).

    Жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде соңғы 3 жылдың ішінде (2018, 2019, 2020 ж.ж.) шаһар ішіндегі асфальт жолдардың ұзындығы 927,4 шақырымнан 1092,6 шақырымға дейін жетті, яғни 165,2 шақырымға артты.

    2021 жылы Тараз қаласы көшелерін орташа жөндеу жұмыстары бойынша 50 жоба (жол — 88,5 км, тротуар — 5,9 км) қолға алынып іске асырылмақ.

    Өткен жылы қала көшелеріне 160 жол белгілері орнатылса, 30 жол белгілерін орнату және ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Айша бибі көшесінің 9 бұрылысы мен Фресно көшесі қиылысына жаңа бағдаршам орнатылды.

    Биыл аталған бағыттағы жұмыстар ерте, сәуірден басталды. Ағымдағы , күрделі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда болмақ.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.