Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 5 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараздағы Зияткерлік мектеп еріктілік аясында игі бастаманы қолға алды

    Тараздағы Зияткерлік мектеп еріктілік аясында игі бастаманы қолға алды

    Өңір тынысы 01.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғыз басты қарияларды қолдап, құрметтеуге бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы» әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті. Ашылу салтанатына 50-ге жуық жалғыз басты қарттар мен әлеуметтік орталық өкілдері шақырылды.

    Мектеп оқушылары мен педагогтары қарияларға арнап қолөнер бойынша түрлі шеберлік сыныптарын өткізді. Соңынан қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалап, астан дәм татты.

    «Тараз қаласында 20 000 астам зейнеткер болса, солардың 350-і жалғыз басты. Бүгін сол қариялардың біршамасы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді. Қариялар балалармен бірге шығармашылықпен айналысып, уақытты керемет өткізді. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының жас ұрпаққа берері көп. Елімізде осындай бастамалар көбейсе деген тілегіміз бар», – деді арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілі Жұлдыз Далиева.

    Жоба мақсаты зейнеткерлік жастағы жалғыз басты қариялар мен мектеп оқушылары арасында қарым-қатынас орнату арқылы ұрпақтар сабақтастығын дамыту. Апта сайынғы мәдени-танымдық, ойын-сауық және сауықтыру шаралары арқылы қариялардың эмоционалды жағдайын жақсарту, өмір белсенділігін арттыру, қарым-қатынас ортасын кеңейту көзделген.

    Олардың арасында бірлесіп кітап оқу, компьютерлік сауаттылықты арттыру, қимыл-қозғалыс терапиясы, қолөнер сағаты, ән салу, музыкалық аспапта ойнау, ретро би кеші, арт-терапия, интеллектуалдық ойындар жәменне фитнес залда жаттығу жасату да бар.


    Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің апта сайын қарияларға үй мен аула тазалау, дәрі-дәрмек пен азық-түлікке барып келу, отын жару сияқты шаруаларда көмек беруі де жоспарланып отыр. Өз кезегінде қариялар жақсы меңгерген дағдыларын оқушыларға үйретіп, мектепте кішігірім үйірме жұмысын жүргізуіне жағдай жасалады.

    Жоба авторлары мұндай тығыз қарым-қатынас оқушылардың қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді, атап айтсақ егде және қарт жастағы адамдардың өмірін жеңілдетуге бағытталған шешімдер, құрылғылар ойлап табуына түрткі болады деген ойда.

    Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 4 шілдесінде ашылды. Бұл Елбасының бастауымен салынып жатқан Зияткерлік мектептердің ішінде 12-сі болды. 8, 9, 10 – сыныптарда оқу үшін конкурстық іріктеуден өтіп, “Өркен” білім беру грантын алған оқушылар, олардың ата-аналары, мұғалімдер, сондай-ақ облыстың  ғылыми-педагогикалық жұртшылығы мектептің тұңғыш рет өтетін бірінші қоңырау салтанатына қатысты.

    Құттықтау сөзі “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидиноваға, Жамбыл облысы әкімі Қанат Бозымбаевқа, мектептің директоры Арсен Байтуковқа берілді.

    Зияткерлік мектептер тарихы 5 жыл бұрын Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебі алғаш ашылған сәттен бастау алады. Он екінші Зияткерлік мектепті құттықтау үшін Тараз қаласына директор Мейрам Жакенов келді.

    қайырымдылық Назарбаев Зияткерлік мектебі Тараз

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.