Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараздың ашылмаған сыры көп…

    Тараздың ашылмаған сыры көп…

    Өңір тынысы 06.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ақтөбе және Көкшетау қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары «Туған елге тағзым» патриоттық жобасы аясында Тараз жеріне келді. Апталық өлкетану-экспедициясы кезінде оқушылар аймақтың табиғи-климаттық, тарихи-мәдени, ғылыми-оқыту және индустриялды ерекшеліктерімен танысып, зерттеу жүргізді.

    – Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласына келіп рухани жаңғырдық десек болады. Жоба жұмысымды да дәл солай атадым. Қаланың тарихымен, нысандарымен танысып, білім көкжиегімді кеңейттім, рухани, мәдени азық алдым. Тараздың әлі де ашылмаған сыры көп, – дейді Ақтөбелік Зияткерлік мектеп оқушысы Ислам Сейтжанов.

    Экспедицияның алғашқы күнінен-ақ жас туристерді тарихи Тараз жайлы қызықты деректер мен нысандар күтіп тұрды. Жамбыл облыстық мұрағаты, тарихи-өлкетану музейі мен республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш – «КөнеТараз» археологиялық паркі оқушыларға мазмұнды тарихи мағлұматтар беріп, қала тарихынан сыр шертті.

    Оқушылар әсемдігімен тіпті шет елдік сәулетшілерді таңдандырған Қарахан, Даутбек кесенелері, ортағасырлық Қали Жүніс моншасы мен Тектұрмас, Мамбет батыр кесенелерін аралады. Ерте дәуірде Орта Азияны өзге елдермен байланыстырған Төрткүл керуен сарайында болып, қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерді зерттеді.

    Айша бибі мен оның күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі қонақтарды ерекше сәулетімен ғана емес, әдемі аңызымен де еліктірсе, «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі оқушыларды тарихқа тағы үңілтті. Сондай-ақ, экспедициялық топ аңыз бен ақиқат үйлесім тапқан Ақыртас кешені, Төменгі Барсхан және Ұзынбұлақ қоныстарына аялдады.

    – Ақыртас кешенінің Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгені жайлы білдік. Бізді сарай кешенінде туризмді дамыту жайы қызықтырды. Себебі нысан өзінің тарихи маңыздылығы жағынан тіпті Египет пирамидаларынан кем түспесі анық, – дейді жас ғалымдар.

    Қара-Арша шатқалы оқушыларды өзінің бай өсімдіктер әлемімен таңқалдырса, Сұғаты шатқалының сұлу пейзажы мен жануарлар дүниесінің сан алуандығы қонақтарға қайталанбас әсер сыйлады. Ары қарай саяхатшыларымыз Қайыңды тарихымен танысып, оның флорасы мен фаунасын зерттеу нысанына айналдырды.

    Сондай-ақ облыстың ірі кәсіпорындары саналатын Тараз локомотив жөндеу депосы, «Қазфосфат» ЖШС және «Әйнек» зауытында болып қайтты. Жуалыдағы қуаты 50 МВт-ты құрайтын күн электр станциясы «Burnoye Solar-1», ірімшік зауыты мен кілем цехына да соқты.

    Оқушылар дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы мұражайында да болып, батырдың өмірімен толық танысып қайтты.

    – Бауыржан Момышұлының биографиясы мені қатты қызықтырды. Оның ержүрек жауынгерлігімен қатар, жазушылық қасиеті де керемет болған. Болашақ ұрпаққа қалдырған өсиет сөздері де әсерлі. Сондықтан мен зерттеу тақырыбымды «Бауыржан Момышұлының ғибратты сөздері» деп атадым, – деп өз жоспарымен бөлісті Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Алина Малахова.

    Қала қонақтары сонымен қатар VI-X ғғ. Әулие бастау тарихи ескерткішіне соғып, оның жанындағы бұлақтан сусындады. Аса маңызды минералдар мен микроэлементтерге бай бұлақтың химиялық құрамын зерттеу үшін өздерімен бірге оның үлгісін алды. Сондай-ақ, Көксай шатқалына барып, бағалы сәндік және дәрілік өсімдіктердің тектік қорымен танысты. Қаратаудағы мемлекеттік табиғи қорықша – Берікқара шатқалында да болып қайтты. Жолай «Тау самалы» оқу сауықтыру орталығына аялдап, кешеннің негізгі фунциялары мен міндеттерімен танысты.

    Жоба бағдарламасы мәдени саяхаттан бөлек мазмұнды кездесулер мен қызықты шараларға толы болды. Оқушылар «Көне Тараз» күйінің авторы, композитор Аман Малдыбаевпен, Стивен Хокингтің «ізбасары», жас ғалым Исаак Мустопуломен және жас ақын Марал Хантөремен кездесті. Исаак Мустопуло оқушыларға өзінің әйгілі астрофизик Стивен Хоккингпен кездескені жайлы, кездесуден кейінгі өмірінде орын алған өзгерістері туралы айтып берді.

    – Исаактың ғылымға деген махаббаты мені қатты шабыттандырды. Онымен кездескеннен соң менің тіпті астрофизика салсына қызығушылығым оянды. Бойында біраз жасқа үлгі болар мақсат қою, арманға қол жеткізу, еңбекқорлық пен талпыныс сияқты қасиеттері жетерлік, – дейді Көкшетаулық Алина Малахова.
    «Рухани қазына» деп аталған шара барысында «Қамшы ілу», «Шашу», «Тоқым қағу», «Бастаңғы» сияқты қазақтың ұлттық дәстүрлері туралы айтылып, құрт, жент жасау технологиясы мен қол диірменменінің жұмысы таныстырылды.

    Экспедицияның соңғы күнінде оқушылар Жамбыл облысы туралы білген-түйгендерін «IQ Game» зияткерлік ойынында қорытындылады. Сондай-ақ, «Бір шаңырақ астында» атауымен экспедиция жұмысының салтанатты жабылуы өтті.

    – Жетікүндік экспедиция нәтижесінде мен «Тараз қаласының архитектуралық ерекшеліктері» деген зерттеу жобасына тоқталдым. Зерттеуде мен бір ғана кесенемен немесе ғимаратпен шектеліп қалмаймын. Жоба негізіне бірнеше тарихи нысандарды алуды жоспарлап отырмын. Себебі Тараздың ашылмаған сыры көп кешендері жетеді. Солардың бірі аңызға толы Ақыртас, – деді Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Гүлназ Сармолдина.

    «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы Назарбаев Зияткерлік мектептер жүйесінде 2012 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Оқу-ағарту сапарының ерекшелігі – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі. Жобаға оқу жылы нәтижесінде олимпиадалар мен ғылыми сайыстардан жүлделі орын алған, спорттан, шығармашылықтан жетістіктерге жеткен үздік оқушылар қатысады.

    Рухани жаңғыру Тараз

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.