Close Menu
    Оқылып жатыр

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 30 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026

      Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тас түскен жеріне ауыр

    Тас түскен жеріне ауыр

    КӘСІПКЕР 17.05.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Еліміз егемендік алғаннан бергі ширек ғасырдан астам уақытта жол апатынан көз жұмғандар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерден әлдеқайда көп. Бұл ел ішіндегі еспе әңгіме. Шындыққа қаншалықты жанасымды?

    Оған көзіміз жетпейді. Алайда қара жолда дәм-тұзы таусылғандардың қатары өте көп. Жол жөнделіп, қауіпсіздік қатайса да қала мен далада жол апаты жиілеп, бейбіт күнде азаматтардан айырылып жатырмыз. Мәселен, соңғы бір аптада темір көлікте тынысы тоқтап қалғандардың санын саусақ бүгіп санауға тура келеді. Елорданың өзінде автобус апатынан екі адам көз жұмып, 36 жолаушы ауруханаға түсті. Оның ішінде 4 азамат ауыр халде жатыр. Жазымнан кейін амалсыз аяғын кестіргендер бар.
    Дәл сол мезгілде Алматыда бір үйлі жанның дәм-тұзы жол үстінде таусылды. Алматы-Қорғас күре жолында автокөлік апатынан үш адам көз жұмып, үш жолаушы ауыр хәлде ауруханаға түсті.
    Халқымыз «Өлім-жітімді, жамандықты санамайды» деуші еді. Бірақ темір тұлпардың тізгінінде отырып үзіліп кеткен жандардың артында зар жылап қаншама ата-ана, жетім-жесірдің қалғаны жанға батады. Қапыда асыраушысынан айырылғандарды кім қарап, кім жетілдіреді?
    «Тас түскен жеріне ауыр» дейді. Елордада болған автобус апатынан жүргізушімен бірге 26 жастағы жалғызілікті келіншек көз жұмды. Марқұмның артында баласы қалыпты. Мерт болған жүргізушінің де төрт баласы жетім қалды. Жақындарына «бекем болыңыз» дегеннен басқа амалымыз жоқ.
    Бас қалада болған апаттың бейнекөрінісі жан түршіктіреді. Автобус бағдаршамға тоқтап тұрған екінші бір жолаушы көлігін қатты жылдамдықпен кеп соққан. Жүргізуші жол таба алмай қалатындай тар соқпақ та емес. Автобуста болған куәгерлердің бірі, аяғынан айырылған әйелдің айтуынша, жүргізуші оқиға кезінде еш қимыл жасамапты. Үні де шықпаған. Соған қарағанда, апат алдында марқұмның жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Бірақ бұл әзірге болжам.
    Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Әлеуметтік желіде жұрт қоғамдық көлік пен ауыр жүк көлігі жүргізушісін ай сайын міндетті медициналық тексеруден өткізіп тұру керектігін айтуда. Көңілге қонатын ұсыныс. Бұл арада көлікті техникалық тексеруден өткізуден бөлек, медициналық тексерудің қажеттігі аса маңызды. Дегенмен «Астана ЛРТ» басшысы Бекмырза Егенберденов автобус жүргізушісінің таңғы алты жарымда медициналық тексеруден өткенін мәлімдеді.
    Елордадағы апаттан кейін құзырлы мекемелер қоғамдық көліктерді тексеруді бастады. Алдыңғы жылы Шымкенттен Самараға кетіп бара жатып, Ақтөбенің Ырғыз ауданының тұсында өртенген жолаушы автобусында Өзбекстанның 54 жолаушысы мерт болған-ды. Оқыс оқиғадан кейін Алматы, Шымкент, Астана қалаларында қалааралық автобустар қатаң тексеруден өткізіліп, құзырлы мекемелер біраз еңбектенді. Соған дейін аудан, қала арасындағы ғана емес, шетелге қатынап жүрген автобустардың жағдайы сын көтермейтіні анықталған. Алайда ешкім дабыл қақпап еді. Тіпті тежегіші үзілуге шақ қалған, қозғалтқышынан май сорғалаған жолаушы көліктері ұзақ жолға қам-қарекетсіз шыға беретін. Осындай салғырттықтың кесірінен де тас жолда талай тағдыр үзіліп жатыр. Астанадағы алапат апат жолаушылар көлігіне жайбарақат қарауға болмайтынын тағы бір дәлелдеп берді.

    Жарас Кемелжан

    Оқылып жатыр

    Тимур Турлов «Астана» футбол клубын сатып ала ма?

    10.04.2026

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.