Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 12 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    Жаңалықтар 27.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыда Розыбакиев көшесін ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов есіміне ауыстыру туралы бастама аясында жарияланған видео қоғамда үлкен наразылық тудырды. Әлеуметтік желіде тараған жазбада блогер бұл ұсынысқа қарсы шығып, пікірін дөрекі түрде жеткізген. Осы жағдайға байланысты заңгер әрі қоғам белсендісі Мейірман Шөкеев мәлімдеме жасап, мұндай сөздерге құқықтық тұрғыда баға берілуі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Видео авторы өз сөзінде көше атауын өзгерту бастамасын сынап, Мұхтар Шахановқа қатысты теріс пікір білдірген.

    «Алматыда Розыбакиев көшесінің атауын өзгерту туралы петиция беріпті. Қандай да бір адамның атына ауыстырмақ, тіпті оның атын атаудың өзі қорқынышты. Ол – Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақтаған ревизионист. Бұл не сұмдық өзі?»,  — деген «мамбетадор» парақшасының иесі.

    Заңгер Мейірман Шөкеев бұл мәлімдемені ұлттық намысқа тиетін әрекет ретінде бағалады.

    «Құрметті достар, бұл бейнежазбаны маған көпшілік жіберіп жатыр. Аталған видеода “Мамбетааддор” парақшасының иесі ұлттық құндылықтарға тіл тигізген. Мұхтар Шаханов – елге еңбегі сіңген тұлға. Сондықтан мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Айтылған сөздер ұлттың намысына тиеді. Себебі Желтоқсан оқиғасы кейіннен құқықтық бағасын алған тарихи кезең», — деді ол.

    Сондай-ақ қоғам белсендісі аталған видеоға байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша арыз түсіретінін мәлімдеді.

    «Бейжай қарамайық. Мен бұл бейнежазба бойынша өз атымнан арыз түсіремін. Сіздерді де заң аясында әрекет етуге шақырамын. Мұндай араздықты қоздыратын әрекеттерге жол бермеуіміз керек. Кеше бұл мәселе маған да көрсетілді, алайда іссапарда болғандықтан, қолым тимеді. Енді аталған бап белгілері бар деген негізбен арыз түсіремін. Ешкімнің қаралауына жол бермейі», – деп қосты Шөкеев.

    Қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.

    Заң заңгер көше атауы Шаханов

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.