Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Толқынайдың кабинетінен 400 маска «табылды»

    Толқынайдың кабинетінен 400 маска «табылды»

    Өңір тынысы 09/04/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Басшылары бетпердені өздеріне тіктіріп, қауіпті індеттен қорғану құралдарын «үнемде» деп бермеуінің салдарынан коронавирус жұқтырдым деген Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваның басындағы жағдайды Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов жеке бақылауына алғанын айтқанымен, мәселе оңынан шешілудің орнына шиеленісе түскендей.

    Олай дейтініміз – кеше Т.Ордабаеваның жұмыс кабинетіне түн жарымында тексеру жүргізіліп, 400 дана бір реттік бетперде және басқа да қорғану құралдарының «табылғаны». Бұл жайында Толқынай кеше түнде әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.

    Біз бұл бойынша бүгін Толқынайға тағы да хабарластық. Денсаулығы түзеле бастағанын, дене қызуының түскенін айтқан Ордабаева кабинетіне тексерушілердің барып, 400 бетперде мен өзге де қауіпті індеттен қорғану құралдарының табылғаны жөнінде мейірбикеден естіген. Бұл жайында Толқынай: «Менімен бірге карантинде жатқан мейірбикеге тағы бір әріптесіміз менің кабинетімнің кілтін сұраған болып хабарласқан. Әйтпесе, аудандық аурухана дәрігерінің кабинетін ашу оларға сөз болып па? Өздерінше сценарий құрған түрлері ғой. Бар былықтарын әшкерелегеннен кейін менің өзімді жазықты ету үшін жасап жатқан әрекеттері деп білемін. Әйтпесе, менің кабинетіме түннің жарымында топырлап барып, тексеру жүргізбес еді. Аталған 400 бетперде мен басқа да құрал-жабдықтарды өздері алдын-ала апарып қойғандары анық» дейді.

    Бұл ретте біз Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетін атқарушы Данияр Нүсіпбаевтың да пікірін білген едік. Ол Толқынайдың кабинетіне Меркі ауылдық округінің маманы, СЭС қызметкері, аудандық аурухананың бөлім меңгерушілері, мейірбикелер бар тексеру тобы кеше сағат 22:00 шамасында тексеру жүргізуге барғанын растады. Бірақ, құрамында учаскелік инспектордың болмауына байланысты тексеру тоқтатылып, бүгін Ордабаеваның кабинетіне қайта тексеру жүргізіліпті. Тексерушілер Толқынайдың кабинетін тінту кезінде нақты не тапқандарын Нүсіпбаев білмейтінін, ол бойынша дәл қазір қандай да бір мәлімет бере алмайтынын, ақылдасуы қажет екенін айтты. Сол бойы бас дәрігердің міндетін атқарушымен байланыса алмадық.

    Осылайша, басшыларының немкетті әрекетінен қауіпті індет жұқтырдым деген Толқынай Ордабаеваның тән жарасына жан жарасы қосылғандай. Дегенмен, ол Денсаулық сақтау министрлігі мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы осындай қитұрқы әрекет етіп отырса да, өзін қолдаушы ақ халатты әріптестері мен қарапайым халықтың қарасы көп екенін көңіліне медет тұтатынын айтты.   

    Нұрболат ӘЛДИБЕК

    Жамбыл облысы коронавирус

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.