Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 7 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

      07.04.2026

      Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

      07.04.2026

      Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

      07.04.2026

      Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

      07.04.2026

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілді

    Үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілді

    Өңір тынысы 23.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында апатты жағдайдағы — 1, үш ауысымды — 1 және орын тапшылығы бар — 3 мектептің құрылысы аяқталып, биыл 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Осылайша биылғы жылы облыста үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова мәлімдеді.

    «Ағымдағы жылы облыс бойынша 12 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы бөлінді. 5 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Олар Жамбыл ауданындағы Бірлесу еңбектегі, Меркінің Қазақ дихан ауылындағы, Шу қаласының Тоғай массивіндегі орын тапшылығы бар мектебі, Байзақ ауданындағы үш ауысымды Ақшолақ мектебі және Жалпақсаздағы апатты мектеп», — деді басқарма басшысының орынбасары.

    Күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін және орын тапшылығы бар мектептер мәселесі 2019-2021 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлануда.

    Сондай-ақ, облыстағы 446 мектептің 429-ы (96,2 пайыз), 395 балабақшаның 100% бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Жәмилә Бекбатырова мәлімдеді.

    Облыс бойынша бейнебақылау камералары орнатылған 429 мектепте 5007 дана камера бар. Олардың 33% мектеп сыртында, 67% ішінде орналасқан. Ал, бейнебақылау камералары орнатылған 395 балабақшада 2848 дана камера бар. Олардың 29,8 пайыз сыртында, 70,2 пайыз ішінде орналасқан.

    Сонымен қатар, Жамбыл облысында мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың саны 545-ке жетті. Бүгінде мектепке дейінгі білім мекемелерінде 55207 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1-6 жас аралығында қамтылғандар үлесі 84 пайызға, 3-6 жас аралығында 98 пайызға артты.

    Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтудің бір жолы – жекеменшік әріптестікті тарту. Осы мақсатында ағымдағы жылы өңірде 2194 орындық 15 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бүгінде облыста 171 жекеменшік балабақша қызмет етеді. Онда 14984 бала тәрбиеленуде.

    Мектепке дейінгі ұйымдарға балалар 1 жастан 6 жас, ал мектепалды даярлық топтарына 5 жастан 6 жас аралығында қабылданады.  Мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына жеткен балаларды мектепке дейінгі ұйымнан босату 1 тамызға дейін, ал балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес топтан-топқа ауыстыру 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдарға балалар бос орын болған жағдайда жыл бойы қабылданады.

    мектеп

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026

    Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

    07.04.2026

    Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

    07.04.2026

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.