Close Menu
    Оқылып жатыр

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025

    “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

    19.08.2025

    Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

    19.08.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 27 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

      23.08.2025

      “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

      19.08.2025

      Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

      19.08.2025

      Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

      15.08.2025

      «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті

      07.08.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті

      07.08.2025

      Іле-Алатау паркінің жаңа тынысы: экотуризм қалай дамып жатыр?

      02.08.2025

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ұлттық мүдде – ұрпақ игілігінде

    Ұлттық мүдде – ұрпақ игілігінде

    Өңір тынысы 18.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жобасын Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі белсенді іске асырып келеді. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берген. Бағдарламаның «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында ағымдағы жылы қала деңгейінде 245 іс-шара өткізіліп, оған 24327 адам қамтылды. Аталған іс-шаралардың барлығы дерлік мекемелердің ресми сайттарында  әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жарияланған. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-тың баспа беттерінде 72 мақала жарық көрді. Бөлімнің жоспарына сәйкес бүгінгі күні 25 іс-шара іске асырылып, 26581 адам қамтылды. Ал қала мектептерінде  489 іс-шара өткізіліп, 51786 адам қамтылды.

    Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор. Осыған байланысты мектептерде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттайтын 67 баннер, 161 стенд, 339 бұрыштар ұйымдастырылып, 12  «Рухани жаңғыру» кабинеттері жұмыс жасауда.

    Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру бағытында білім бөлімінің «Әдебиет әлемінде», «Жалын», «Жас экскурсия жүргізуші», «Бүгінгі түлек, ертеңгі тірек», «Сайын даланың саңлақтары» және «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» атты арнайы жобалары құрылып, іске асырылуына жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге қарастырылып бөлінді. Жобалар «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобалары аясында іске асырылуда.

    Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным — өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасуына бағдарламаның беретін мүмкіндіктері өте көп. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуына ықпал ететін «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2018-2019 оқу жылында мектептерге «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстары 7-8 сыныптарға енгізілді. 7374 оқушы туған өлкенің тарихы мен мәдениетімен танысып, өз еліне деген патриоттық қасиеттерін аталған сабақтар аясында қалыптастыра алды.

    Барлық білім беру мекемелерінде 5-7 сынып оқушыларымен Тараз қаласының мұражайлары, тарихи-мәдени ескерткіштері мен кітапханаларында мұражай сабақтары ұйымдастырылып, барлығы 20532 оқушы мектептен тыс жерлерде білімдерін кеңейтті. Нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор екенедігі тәжірибеде айқын көрінеді.

    Мектеп оқушылары каникул және жазғы демалыстарында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында еліміздің киелі, тарихи мол, сұлу, әсем жерлеріне  саяхаттады. Ата-аналардың қолдауымен  «Оңтүстік Қазақстанды танып біл» атты іс-шарасы бағытында Түркістан, Шымкент қалаларына экскусиялық турмен 5-10 сыныптың 742 оқушысы саяхатқа шықты.

    Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуіміз үшін Қазіргі жастар тарихы тереңде жатқан халықтың өткенінен тағылым алып, келешегі жарқын болуы үшін тәуелсіз еліміз берген барлық мүмкіндікті мүлт жібермеуі керек. Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануы үшін Кітап оқуға деген ынталарын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында №30 мектеп-гимназиясында салтанатты түрде «Коворкинг» орталығының  ашылуы өтті. Ашылған орталық мектеп оқушыларының білімдерінің көтерілуіне үлкен үлесін қосады деп сенеміз.

    «Кітап оқып, миллионер бол!» бірегей қалалық жобасын іске асыруда мектеп кітапханалары белсенді қатысып, оқушыларды ынталандыра отырып, қолдау жасады. Әлеуметтік желілер арқылы да оқушыларды барынша тарта алды, байқауға қатысуына ықпал етті. Қалалық «Жамбыл-Тараз» қоғам­дық-саяси газетінің ұйымдас­тыруымен өткен жас зияткерлердің «Кі­тап оқып, миллионер бол!» бай­қауының нәтижесінде №№7, 10, 12, 30, 31, 39 54 орта мектептің оқушылары жеңімпаз атанып, ақшалай сертификаттар табысталды. Ал, жүзден жүйрік шыққан №45 гимназияның 9-сынып оқушысы Қазына Әбдісейіт әдеби кітаптар оқып, байқаудың миллион теңге сыйлығын жеңіп алды. Бұл жастардың кітапқа деген қызығушылығы мен махабба­тының күшейгендігінің көрсеткіші деп білеміз.

    Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселелер біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.

    Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымовна

    Тараз

    Оқылып жатыр

    «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті

    07.08.2025

    Іле-Алатау паркінің жаңа тынысы: экотуризм қалай дамып жатыр?

    02.08.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025

    “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

    19.08.2025

    Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

    19.08.2025

    Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

    15.08.2025

    «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті

    07.08.2025

    Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан турнир өтіп жатыр

    06.08.2025

    Қонаев қаласында балаларға арналған спорттық-танымдық іс-шара өтті

    05.08.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.