Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті, деп хабарлайды Tarazy.kz
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 15,75 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Бұдан кейінгі шешімдер инфляция динамикасы мен инфляциялық болжамға қарай қабылданады.
Айта кетейік, Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Базалық мөлшерлеме — Ұлттық банк белгілейтін негізгі пайыздық көрсеткіш. Ол арқылы банк секторының жалпы бағыты айқындалып, елдегі несие мен инфляция деңгейіне әсер етеді. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлттық банк коммерциялық ұйымдарға қысқа мерзімді несие береді және олардың қаражатын депозит ретінде қабылдайды.
Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме — ел экономикасының «бағдаршамы». Оны көтерсе, несие алу қымбаттайды, ал түсірсе керісінше арзан несие алу мүмкіндігі артады. Осылайша, Ұлттық банк осы тетік арқылы ақша айналымын реттеп, баға тұрақтылығын сақтауға тырысады.
