Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    Жаңалықтар 31.05.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы қаласында Қазақ Спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Ұлттық спорт түрлері федерация басшыларының қатысуымен құрылтай дүркіреп өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ұлттық спорт түрлері – халқымыздың атадан бала мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтары болып табылады. Соңғы жылдары президентіміз Қ.Тоқаевтың ерекше қолдауымен ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спорт түрлерімен теңесіп, ерекше қарқынмен даму үстінде.

    Қазақ спортының қара шаңырағында өткен алқалы жиынды ҚазСТА президенті, профессор Қайрат Закирьянов өзінің құттықтау сөзімен ашып, құрылтайға келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Академия проректоры Мұхтар Есқалиев жүргізген құрылтайдың алғашқы бөлігі құттықтаушыларға арналды. Олардың қатарында ҚР Парламентінің депутаты Данияр Қасқарауов, «NOMAD ARENA» ипподромының директоры Ержан Майлыбаев, Алматы қаласы Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубы басшысы Нұрлан Оспанов, “NOMAD STUNTS” Халықаралық каскадерлар тобының негізін қалаушы және президенті Жайдарбек Кунгужиновтер болды. Қазақ күрес республикалық федерациясының тұңғыш президенті, Қазақ күресінен тұңғыш еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, «Шыңғысхан» орденінің иегері Ерғали Мұхитдиновтың ақ батасымен Құрылтайдың ашылу салтанаты өз мәресіне жетті.

    Белгілі әнші, ұлттық спорт жанашыры Әзімбек Байлин «Арғымақ» әнімен шашу шашса, «Sport+ Qazaqstan» телеарнасының директоры Асхат Жақаев пен Қазақ Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов өзара ынтымақтастық меморандумына отырды.

    Тұңғыш рет өткен Ұлттық спорт түрлері Құрылтайына демеушілік көмек көрсеткен ұлтжанды азаматтар көп болды. Олардың ішінде басты демеушілер меценат Турсенғали Алагөзов, Алматы қалалық Бәйге федерациясының президенті Қуат Үсенов пен аталған федерациясының вице-президенті Нұржан Қасеновтер және демеушілер Алматы облысының Ұлттық жекпе-жек федерациясының президенті Байсалбаев Бақытжан Сатыбалдыұлы, “SULTAN SEDLO» бренд дүкенінің негізін қалаушы Жадыра Сейітова, Абай облысы, Аягөз ауданы «Нұрбек» шаруа қожалығының иесі Болатхан Қасенов, «Sport_stars.kz» республикалық қоғамының вице-президенті Мухамед Быянху, «SULTAN-SU» компанияның президенті, Талғар ауданының құрметті азаматы Әлішер Сұлтанмұратұлы, «NG RASKET» компанияның негізін қалаушы Жақсылық Тұрарғұлұлы, «Масанчи жастары» қоғамының өкілі Эдик Яров және ұлттық спорт жанашыры Аслан Сабыржанұлы  болды. Аталған  демеушілерге Алғыс хат пен «Ұлттық спорт жанашыры» төсбелгісі табыс етілді.

    Құрылтайдың екінші бөлігінде спикерлер баяндама жасады. Олардың қатарында  Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясының вице-президенті, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ күресінен Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының құрметті профессоры, ҚР Құрметті спорт қайраткері, Асық ату спортының негізін қалаушы және ҚР Асық ату федерациясының тұңғыш президенті Жомарт Сабыржанұлы, Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ федерациясының президенті, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Әкім Тұрсын, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) Н.О.Базанова атындағы «Жануарлар биологиясы» кафедрасының ұстазы, профессор, академик Қайрат Исхан, Алматы облыстық Ұлттық спорт түрлерін дамыту дирекциясының директоры Елдос Тілебалдиев, Жаппай көкпар республикалық федерациясының президенті Ғани Дирманов, Құсбегілік федерациясының вице-президенті, ҚР Құрметті спорт қайраткері Бағдат Мүптекеқызы, Теңге ілу федерациясының президенті Айбек Түркебай, «Топжарған» этно-мәдени орталығының басшысы Ғабит Таңатов, Алматы қалалық Бәйге федерациясының президенті Қуат Үсенов, Алматы облыстық «Мергендер ордасы» федерациясының президенті Мұхтархан Абаған және «ZHUSAN» шығармашылық орталығының басшысы, белгілі фототілші Жеңіс Ысқабай болды.

    Спикерлер өз баяндамаларында өздері насихаттап жүрген ұлттық спорт түрлерінің даму барысы мен жеткен жетістіктері мен өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салды.  Ұлттық спорт түрлерін бірлесе дамыту бойынша бағдарлама әзірлеу мәселесін талқылады.

    Құрылтай соныңда Ұлттық спорт түрлері дирекциясы құрылып, Қазақ Спорт және туризм академиясының жанынандағы  «Спорт Консалтинг Форум» ұйымына мүше болып қабылданды. Жаңадан құрылған Ұлттық спорт түрлері дирекциясының басшысы болып  «NOMAD ARENA» ипподромының директоры Ержан Майлыбаев бірауыздан сайланды. Бұған дейін де ұлттық спортты ұлықтау жолында елеулі еңбек атқарып жүрген Ержан Құрманәліұлы ендігі жерде бір тудың астына бірігіп жатқан ұлттық спорт түрлері федерацияларын жаңа белестерге бастайды деп сенім артамыз. Құрылтайда айтылған ұсыныс-пікірлер жерде қалмай жүзеге асуына тілекшіміз. Қазақ Спорт және туризм академиясының жанынан ашылған дирекция ұсыныстарды құзырлы орындарға жеткізу арқылы осы бағытта жұмыстанатын болды. Асық ату спортының негізін қалаушы Жомарт Сабыржанұлы ағамыз жиынға қатысушыларға ақ батасын берсе, «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, Қазақ Спорт және туризм академиясының құрметті профессоры, Қазақ журналистикасы мен Асық ату спортының қайраткері Мусағали Тасқалиев Құрылтайды қорытындылады. Осылайша тұңғыш рет өткен Ұлттық спорт түрлерінің құрылтайы өз мәресіне жетіп, алдағы уақытта тағы бас қосатын болып тарқасты.

    Жандос Аянбек
    Педагогика ғылымдарының магистрі

    академия құрылтай ұлттық спорт

    Оқылып жатыр

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.