Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жер бетіндегі 12,5 триллион тонна мұздық еріп кеткен

    23/09/2026

    Семейде 19 жастағы студент қызды көшеде пышақтап кеткен

    23/09/2026

    Алматы әкімдігі биыл ашылған Келешек мектебінің оқыту тіліне қатысты жауап берді

    23/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 23 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жер бетіндегі 12,5 триллион тонна мұздық еріп кеткен

      23/09/2026

      Семейде 19 жастағы студент қызды көшеде пышақтап кеткен

      23/09/2026

      Алматы әкімдігі биыл ашылған Келешек мектебінің оқыту тіліне қатысты жауап берді

      23/09/2026

      Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

      22/09/2026

      Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

      22/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесіне 25 жыл

    Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесіне 25 жыл

    Жаңалықтар 04/12/2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінде арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесінің 25 жылдығына арналған пресс-тур өткізді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.

    Шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар әскери қызметшілердің қызметімен және тұрмысымен танысып, әскери қалашық инфрақұрылымын аралады. Әскери қызметшілермен бірге қызметтік атмосфераны сезінді. Пресс-тур аясында қонақтар казармаларды, сондай-ақ, әскерилердің асханасын аралап, жауынгерлерге арналған тағамдардың сапасын бағалады. Әрбір қатысушы ас рационының барлық қажетті талаптарға сай екеніне көз жеткізді.

    Техника мен қару-жарақ көрмесінде құқықтық тәртіп әскерінің қолданысында бар қару-жарақ, байланыс құралдары мен түрлі жабдықтардың заманауи үлгілері ұсынылды. Әсіресе, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әрекет ету техникасының көрсетілімі қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар ату тирінде арнайы бөлім жауынгерлерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарына тәнті болды.

    Сондай-ақ, кинологиялық орталықтағы бағдарламалар да қонақтардың ерекше назарын аударды. Мұнда қызметтік иттердің қарулы қылмыскерлерді ұстау, есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бойынша әрекеттері көрсетілді. Кинологтардың және олардың төрт аяқты серіктерінің жоғары кәсібилігі қонақтардың таңданысын тудырып, қошеметтеріне ие болды.

    Бұдан бөлек журналистер Макаров пистолетімен Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау конкурсына қатысты. Сайыс қатысушылардың ептілігі мен зейінің тексеруге арналған. Шараның нәтижесінде ең үздік қатысушылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

    – Бізге осындай көп журналистің келгенібірінші рет. Біз ашық диалогты қолдаймыз. Сарбаздарымыз барында халық алаңсыз ұйықтай алады, елімізде бейбітшілік болады. «Отандықорғау» деп аталатын қызмет бар. Біз оны еліміздің өркендеуі жолында орындауға дайынбыз!, – деді 5573 әскери бөлімінің командирі генерал-майор Аян Есжанов тілшілерге арнаған сөзінде.

    Айта кетейік, іс-шара мәдени бағдарламамен қорытындыланды. Елордалық бригаданың Мәдениет және демалыс орталығында Ұлттық ұланның Ән—би ансамблі өз өнерлерін паш етті. Үлгілі оркестр әскери-патриоттық композицияларды орындап, Құрмет қарауыл ротасы ерекше дефилесін көрсетті.

    Осылайша пресс-тур қонақтарға Отан қорғаушылардың өмірін өз көздерімен көруге және олардың кәсібилігін бағалауға тамаша мүмкіндік берді. Осыған ұқсас шаралар қоғам мен Қарулы Күштер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына деген құрмет пен сенімді қалыптастыруға көмектеседі.

    Бүркіт Қарулы күштер пресстур Ұлттық ұлан

    Оқылып жатыр

    Жер бетіндегі 12,5 триллион тонна мұздық еріп кеткен

    23/09/2026

    Семейде 19 жастағы студент қызды көшеде пышақтап кеткен

    23/09/2026

    Алматы әкімдігі биыл ашылған Келешек мектебінің оқыту тіліне қатысты жауап берді

    23/09/2026

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жер бетіндегі 12,5 триллион тонна мұздық еріп кеткен

    23/09/2026

    Семейде 19 жастағы студент қызды көшеде пышақтап кеткен

    23/09/2026

    Алматы әкімдігі биыл ашылған Келешек мектебінің оқыту тіліне қатысты жауап берді

    23/09/2026

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

    22/09/2026

    Қазақстанда жол апаты бойынша үш облыс көш басында

    22/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.