Украина Президенті Владимир Зеленский Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтағаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz
«Құрметті Президент Тоқаев, жылы лебізіңіз бен құттықтауыңыз үшін алғыс айтамын. Украина Қазақстанмен өзара құрметке, түсіністікке және халықтарымыз арасындағы ежелден келе жатқан байланыстарға негізделген достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Біз бұдан әрі де ынтымақтастығымызды нығайтуға ниеттіміз. Сізге зор табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеймін», – деп жазды Зеленский X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 24 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, украин халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеген болатын.
