Close Menu
    Оқылып жатыр

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    «Бұл — уақытша тиімділік»: саясаттанушы мұнай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

    14.04.2026

    Жыл басынан бері Қазақстанда мұнай өндіру күрт төмендеген

    14.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 14 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      «Бұл — уақытша тиімділік»: саясаттанушы мұнай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

      14.04.2026

      Жыл басынан бері Қазақстанда мұнай өндіру күрт төмендеген

      14.04.2026

      Теңгенің нығаюы бақ па, сор ма? Министр мәлімдеме жасады

      14.04.2026

      «Дос та емес, дұшпан да емес»: Кремль Венгрияға қатысты екіұдай пікір білдірді

      14.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жағдайы нашар отбасыларға несие беруге тыйым салынды

    Жағдайы нашар отбасыларға несие беруге тыйым салынды

    Ел іші 01.01.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздарға несие беруге тыйым салатын заң күшіне енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Жаңа ереже Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 3 шілдесінде азаматтардың кредиттелуіне жол бермеу және тұтынушылық несие берудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында жазылған. 

    Заң бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгереді — табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2020 жылы 31 183 теңге) төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктігіне қойылатын талаптар арттырылды. Бұл банктердің кепілсіз қарыздарды, әсіресе табысы төмен азаматтарға беруге экономикалық ынталандыруларын төмендетеді.

    Жұмыссыздарға да несие берілмейді. Себебі енді қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми кіріс туралы мәлімет болуы керек. 

    Еске салайық, мұның алдында да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысы өмір сүру деңгейінің көрсеткішінен аз қазақстандықтарға кредит беруді доғару керегін айтқан болатын.

    «Тұтынушылық несиелермен қалыптасқан жағдай одан әрі қайталанбауы тиіс. Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға одан әрі жағдайдың нашарлануына және қаржылық жағдайды болдырмау үшін қарыз беруге тыйым салу қажет», — деген еді Тоқаев.

    Қасым-Жомарт Тоқаев несие

    Оқылып жатыр

    Мейрамбек Бесбаев жас әншіге көлік сыйлады

    09.04.2026

    Таразда 5-қабаттан секіріп кеткен ер адам көз жұмды

    08.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Атыраудағы BINOM мектебінің маңында оқушы қызды көлік қағып кетті

    06.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    «Бұл — уақытша тиімділік»: саясаттанушы мұнай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

    14.04.2026

    Жыл басынан бері Қазақстанда мұнай өндіру күрт төмендеген

    14.04.2026

    Теңгенің нығаюы бақ па, сор ма? Министр мәлімдеме жасады

    14.04.2026

    «Дос та емес, дұшпан да емес»: Кремль Венгрияға қатысты екіұдай пікір білдірді

    14.04.2026

    Халықаралық іздеудегі Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

    14.04.2026

    “Атажұрт” белсенділеріне сот үкімі шықты

    13.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.