Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026

      Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

      02/11/2026

      Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

      02/11/2026

      Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында 546 миллион теңгенің тәркіленген тауарлары таратылады

    Жамбыл облысында 546 миллион теңгенің тәркіленген тауарлары таратылады

    Өңір тынысы 05/05/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында мұқтаж және аз қамтылған тұрғындарға облыстық экономикалық тергеу департаменті контрабандашылардан тәркілеген тұтыну тауарларын таратады. Олардың ішінде 546 миллион теңгенің 530 түрлі атаулы киімі, төсек-орын жабдықтары және басқа да тауарлар бар, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековтың айтуынша, тауарларды іске асыру тетігі пысықталып, оларды үлестіру бойынша адамдардың санаттары анықталған.

    «Ең алдымен, әлеуметтік мекемелер – балалар үйлері, қарттар үйлері, психоневрологиялық және өзге де аурулармен ауыратындарға арналған интернат үйлеріндегі қызмет алушылар іріктелді. Сонымен қатар, бұл тізімге облыстағы аз қамтылған азаматтар мен АӘК алушылар, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған тұрғындары да енгізілген», — деп атап өтті Баубеков.

    Тараз қаласы мен аудандарда бұл көмекке мұқтаж адамдардың тізімі әзірленген. Аз қамтылған халық арасында тауарлардың бөлінуін бақылау тікелей жергілікті әкімдерге жүктелген. Олар осы істе бұзушылықтарға жол берілмеуіне жауапты болады.

    Сондай-ақ, Ж.Баубеков тәркіленген тауарларды тарату акциясына облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы да тартылатынын атап өтті. Салалық басқарма тауарларды Тараз қаласы мен аудандарда жұмыс істейтін әлеуметтік дүкендері арқылы таратуға ниетті. Жастар басқармасы қазірдің өзінде 109 мың дана тауарға өтінім берген.

    Айта кету керек, тәркіленген тауарлардың бір бөлігі – 10 мың жаңа тауар 3 мамыр күні азық-түліктермен бірге су тасқынынан зардап шеккен көршілес Түркістан облысына жіберілген.

    аз қамтылған Жамбыл облысы тауар тәркілеу

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

    02/11/2026

    Қазақстанда мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды

    02/11/2026

    Сәтбаев университеті SU Labs Street жобасын таныстырды

    31/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.