Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында балалар үйінің түлектері баспаналы болды

    Жамбыл облысында балалар үйінің түлектері баспаналы болды

    Өңір тынысы 01.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды.

    Еске сала кетейік, 2018 жылы мекеме Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды оңалту және бейімдеу орталығын біріктіру арқылы қайта құрылған болатын. Бүгінде мұнда 75 бала тәрбиеленуде. Екі қабатты ғимаратта сабақ өткізуге арналған кабинеттер, акт залы, «Рухани жаңғыру» кабинеті, кітапхана, коворкинг орталығы, музей, физиотерапия кабинеті, медициналық кабинет, спорт және шахмат залдары бар. Мекемеде кәсіптік бағдарлау орталығы жұмыс істейді, онда балалар шаштараз, етікшілік, аспаздық, қолөнер және дизайнерлік шығармашылық, іс тігу бойынша білім ала алады. Орталық тәрбиеленушілері 7 топқа бөлінген. Мекеме ғимаратын жабдықтауға жергілікті кәсіпкерлер жиі қол ұшын созып отырады.

    Облыс әкімі жатын бөлмелерді, кабинеттерді аралап, балаларды әңгімеге тартты.

    Нұржан Нұржігітов құрметті қонақ ретінде балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағадарламаны тамашалады.

    Сондай-ақ, тәрбиеленушілердің салған суреттерінен көрме дайындалған.

    — Балалар – еліміздің ертеңі, болашағымыз. Біздің негізгі міндетіміз – балаларымызды қорғау, олардың балалық шақтарының алаңсыз өтуіне жағдай жасау.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың жан-жақты және лайықты дамулары үшін барлық жағдайларды жасау, балаларды қолдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыста жыл сайын жаңа мектептер, қосымша білім беру мекемелері салынуда.

    Жақында облыс орталығында заманауи оқушылар сарайы ашылды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Бай болу үшін – кәсіп керек!» дейді. Мұнда материалдық байлық емес, рухани байлық туралы айтылған. Сіздердің болашақта нағыз кәсіби маман болып, Отанымыздың гүлденуі үшін аянбай еңбек етулеріңіз аса маңызды. Баршаңызға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін! – деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.

    Балаларды мерекемен құттықтаған аймақ басшысы оларға естелік сыйлықтар тарту етті.

    Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Сарымолдаев атындағы бұрынғы балалар үйінің тәрбиеленушісі Закир Сейітқановқа және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған В.Савва атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленуші-түлектеріне Сандуғаш Иманқұловаға Тараз қаласының 15 шағын ауданынан жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

    Облыс әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтап, оларға бақыт пен амандық тіледі.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.