Close Menu
    Оқылып жатыр

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 6 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026

      Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыс бойынша ІТ сыныптарын 50-ге жеткізу жоспарланып отыр

    Облыс бойынша ІТ сыныптарын 50-ге жеткізу жоспарланып отыр

    Өңір тынысы 23.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгінде облыста білім саласын цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, өткен жылы өңір мектептері 161 робототехника кабинетімен жабдықталған болса, жаңа оқу жылында ол көрсеткіш 49-ға артып, 210 мектепке жеткен. Жыл соңына дейін тағы 20 кабинет ашу көзделіп, көрсеткішті елу пайызға жеткізу көзделген.

    Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

    Сонымен қоса, басқосуда облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова білім беру мекемелерінде IT сабақтарының және робототехника үйірмелерінің ұйымдастырылу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша бұл бағытта оқыту шаралары үйірмелер және таңдау курстары есебінен информатика пәндерінің мұғалімдерімен жүргізілуде екен.

    Жалпы, облыс мектептерінде барлығы 790 информатика мұғалімдері жұмыс істесе, олардың 62 пайызы «Робототехника негіздері», 46,8 пайызы күшіне «3D-притинг және бағдарламалау» тақырыптарында біліктілік курстарынан өткен.

    Ол ғана емес, өткен жылы өңірде дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ-лицей-интернаты ашылып, бүгінгі күні 7-9 сыныптарда 160 бала білім алуда. Сондай-ақ, аудандар мен Тараз қаласында былтыр 14 ІТ сыныптары ашылса, ағымдағы жылы ол санды 50-ге жеткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, білім басқармасына қарасты ақпараттық орталықтағы штат саны оңтайландырылып, бюджет қаражаты үнемделуде.

    Жиында аймақ басшысы Асқар Исабекұлы бұл бағытта жұмсалатын бюджет қаражатын тиімді жұмсалуына көңіл бөліп, сатып алынып жатқан техникалар мен жабдықтардың сапалы әрі заманауи болуына назар аудартты.

    Сонымен қатар, арнайы курстардан өткен ұстаздардың да білім сапасы шын мәнінде ойдағыдай бола бермейтінін баса айтып, осы тұрғыда зерделеу шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Өңір басшысы ІТ-лицей мен сыныптарының және робототехника кабинеттерінің пайдалану тәртібі мен ережесін бекіту керектігін жеткізді.

    Айта кетейік, бүгінде облыс оқушылары халықаралық, республикалық робототехника бойынша конкурстарға қатысып, жылдан-жылға жақсы жетістіктерге жетуде. Атап өтер болсақ, соңғы екі жылда халықаралық байқауларда 10 оқушы жеңімпаз атанса, өткен жылы республикалық жарыстарда 30, ағымдағы жылдың бес айында 54 оқушы жүлдегер атанған.

    Сондай-ақ, министрліктің «Ақпараттық талдамалық орталығы» дайындаған «ҚР Білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы» ұлттық баяндамада орта білімнің сапасы және басқа да түпкі нәтижелердің индексі бойынша Жамбыл облысы екінші орынды иеленген.

    мектеп

    Оқылып жатыр

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Тоқаев Президент әкімшілігінің басшысын ауыстырды

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.