Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жеке мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгереді

    19.01.2026

    Жаркенттегі баласын ұрған ата-ана психиатриялық есепте тұрған

    19.01.2026

    Қазақстанда қарттар үйлері өзгеруі мүмкін

    19.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 20 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жеке мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгереді

      19.01.2026

      Жаркенттегі баласын ұрған ата-ана психиатриялық есепте тұрған

      19.01.2026

      Қазақстанда қарттар үйлері өзгеруі мүмкін

      19.01.2026

      Алматы мектептеріне шабуыл жасалуы мүмкін деген хабарлама: полиция кезекшілігі күшейтілді

      19.01.2026

      20 млн теңгелік орындық пен жалған шарттар: Шымкенттегі университеттің былығы ашылды

      19.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында ұлтаралық қатынастарды нығайту қалай жүргізілуде?

    Жамбыл облысында ұлтаралық қатынастарды нығайту қалай жүргізілуде?

    Өңір тынысы 02.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының тұрғындары Қордай ауылындағы орын алған оқиғалардан кейін әкім Бердібек Сапарбаевтың шешімімен «Бейбітшілік пен келісім» жобасы қолға алынғандығынан хабардар. Жоба мақсаты – қақтығыс аймағындағы әлеуметтік үйлесімді қалпына келтіру және мұндай оқиғалардың алдын алу болып табылады.

    Бағдарламаны іске асыру шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтаудан басталған. 25 елді мекен анықталған десек, онда түрлі себептерге байланысты атқарушы биліктің қосымша назары қажеттігі белгілі болып отыр. Бұл елді мекендерге арнайы құрылған бес мониторингтік топ мүшелері барып, халықпен көптеген кездесулер өткізген. Кездесулер нәтижесі бойынша шұғыл шешуді қажет ететін өзекті мәселелер анықталған.

    Өткен бейсенбі күні өткен облыс әкімімен кездесуде аталған топ жетекшілері ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік мәселелер, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, діни және құқықтық мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

    Ақпараттық-насихат тобын басқарған ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов «Бейбітшілік пен келісім» жобасын  іске асыру бойынша Жол картасына енген 89 тармақтың Қордайдағы жағдайды тұрақтандыруға  қатысты 27-тармағы орындалғанын, 50-і орындалу үстінде екенін хабарлады. Ал, қалған алтауының мерзімдері ұзартылса, тағы алтауы бойынша қосымша қаржы қажет.

    Басқа аудандардағы елді мекендерге келетін болсақ, онда ауқымды әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, соның негізінде анықталған мәскелерді шешу бойынша шаралар қабылданбақ.

    Басқа топтардың жетекшілері – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысы Жорабек Баубеков, дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Еркін Атымтаев, облыс прокурорының орынбасары Руслан Исаев та анықталған мәселер хақында тоқталып өтті. Мәселелер қатарын жұмыс орындарының тапшылығы, ауыз су және суармалы сумен қамтудағы қиындықтар, жайылымдардың жетіспеушілігі, үй және шаруа қожалықтарының өнімдерін өткерудегі түйткілдер, құқық қорғау органдарына және медициналық көмектің сапасына шағымдар құрайды. Бірқатар өзекті мәселелер шешімін табуда. Кездесуге қатысқан ақпараттық топтың мүшесі, облыстың ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қордайлықтардың енді жолдардың сапасына шағымданбайтындығына, адамдардың бір-біріне мейірімді бола бастағанына назар аударды.

    — Аз уақыт ішінде қаншама көше жөнделді десек, адамдар  ол үшін шынайы ризашылықтарын білдіруде. Қордай оқиғасынан кейін біз алғаш рет ақпараттық топ мүшелері және жергілікті тұрғындар болып ақ дастарханда бас қосып, емен-жарқын әңгімелесіп,  бір-бірімізге деген ыстық ықыластарымызды таныттық, — деп атап өтті Е.Солтыбаев.

    Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелер жөніндегі топ жетекшісі Жорабек Баубековтің айтуынша, кездесулер қорытындысы бойынша 83 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 50 адам жастар практикасына жіберілген. Ал, 1025 адам бизнес-идеяларын жүзеге асыруға қайтарымсыз гранттар, 58 адам шағын несиелерге қол жеткізген.

    Сонымен бірге Ж.Баубеков ауыл тұрғындарының көптеген мәселелерді шешуге ықпал ететін мемлекеттік бағдарламалардан хабарсыз екендігін тілге тиек етті. Бұған ішінара қоғамдық-саяси жаңалықтарға онша қызығушылық танытпайтын жергілікті тұрғындардың өздері де кінәлі. Соған қарамастан, спикер қарапайым және түсінікті тілде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін ауыл тұрғындарына түсіндіретін арнайы насихат топтарын құруды ұсынды. Бұл ұсынысты облыс әкімі қолдады.

    «Бейбітшілік пен келісім» жобасы бойынша көптеген жұмыстар атқарылған десек те, жиынға қатысушылар шешілмеген мәселелерге көбірек назар аударды.

    — Біз қақтығыстардың қалай алдын алуға болатынын түсіндік, бейбіт жолмен шешілген кездер де болды. Алайда, мұндай жағдайлар мүлдем туындамауы тиіс, ол үшін көп нәрсе атқарылуы керек. Ел басшылығы бұл мәселелерге жіті назар аударып отыр, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

    Тұрғындар сенімсіздік білдіретін жергілікті атқарушы органдардың басшыларына, теологиялық білімі әлсіз имамдарға тағы басқаларға қатысты шағымдар айтылды.

    — Көбіне жергілікті деңгейдегі әкімдердің дәрменсіздігінен қабылданған шешімдер нәтижесіз болады.  Бұдан былай аудан әкімдерінен атқарылған жұмыстар туралы нақты сандар мен фактілер, ауылдық округ әкімдерінің есептерін үнемі тыңдап отыруды талап етемін, — деп уәде берді Б.Сапарбаев.

    Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді. Олардың орындалу барысы келесі басқосуларда талқыланады.

    Жамбыл облысы Қордай ауданы ұлтаралық

    Оқылып жатыр

    Жамбыл облысындағы әскери бөлімде сарбаз жарақат алды

    08.01.2026

    Жамбыл облысында ірі есірткі контрабандасы анықталды

    19.12.2025

    «Қаражат тиімсіз пайдаланылған». Жамбыл облысына тексеріс жүргізілді

    04.12.2025

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Жеке мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгереді

    19.01.2026

    Жаркенттегі баласын ұрған ата-ана психиатриялық есепте тұрған

    19.01.2026

    Қазақстанда қарттар үйлері өзгеруі мүмкін

    19.01.2026

    Алматы мектептеріне шабуыл жасалуы мүмкін деген хабарлама: полиция кезекшілігі күшейтілді

    19.01.2026

    20 млн теңгелік орындық пен жалған шарттар: Шымкенттегі университеттің былығы ашылды

    19.01.2026

    Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты

    16.01.2026

    Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қызды алып қашып, зорлық-зомбылық көрсеткен

    16.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.