Close Menu
    Оқылып жатыр

    Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

    29/09/2026

    Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

    29/09/2026

    Тоқаев ресми сапармен Германияда жүр

    29/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 30 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

      29/09/2026

      Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

      29/09/2026

      Қазақстанда кедейлік 5%-ға төмендеген

      29/09/2026

      Алматы мен Алматы маңында бір күнде үш рет жер сілкінді

      28/09/2026

      Алматыда коммуналдық төлемнің бір бөлігі қымбаттайды

      28/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден төленеді

    Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден төленеді

    Өңір тынысы 01/05/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мерекелік іс-шаралар онлайн-форматта өтеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Қыркүйек айында мектептерде патриоттық және ерлік сабақтарын өткізу жоспарлануда.

    Бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 57 ардагері мен мүгедегі тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.

    Сонымен қатар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1989 адам 100 мың теңгеден алады. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған. Соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4742 адам 50 мың теңгеден алады. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың 337 жесірі мен ҰОС мүгедектерінің әйелдері де әлеуметтік көмек алады. 60 мың теңгеден Ленинград қоршауының үш бұрынғы тұтқынына және концлагерьдің үш тұтқынына төленеді.

    Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Мемлекет басшысының атынан медальдар, алғыс хаттар мен азық-түлік себеттері беріледі.

    Жамбыл облысының аумағында 197 Ұлы Отан соғысы батырларына ескерткіш орнатылды, оның 11-і 11 мемориалдық тақта.

    Кеңес Одағының Батырлары мен «Даңқ» орденінің иегерлерінің есімдері облыс бойынша бір елді мекенге, үш ауылдық округке, 41 нысанға, 575 көшеге берілген.

    Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Жамбыл облысының және Тараз қаласының Құрметті азаматы Тілеуқабыл Төребековті 95 жылдығымен құттықтады, сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құттықтау хатын тапсырды.

    Жамбыл облысында Тілеуқабыл Төребекұлы Төребеков туралы білмейтін адам кемде-кем.

    Кеңес Әскерінің қатарында милитаристік Жапониямен соғысқан ержүрек майдангер Т. Төребеков соғыс аяқталған соң барлық күш-жігерін Жамбыл облысының дамуына арнады. 1950-1966 жылдар аралығында ол облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Жамбыл қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1970 жылдан 1983 жылға дейін Жамбыл қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Тілеукабыл Төребекұлы құрметті демалысқа шыққанда да қоғамдық жұмыстан тыс қалған жоқ. 1995 жылдан 2015 жылға дейін облыстық Ардагерлер кеңесін басқарды.

    Ол ІІІ дәрежелі Даңқ, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, 13 медальмен, оның ішінде «Ерлігі үшін»медалімен марапатталған. Алты бала тәрбиелеп өсірген.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз хатында аға ұрпақ — Т. Төребеков сияқты тұлғалардың өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін үлгі — өнеге болып табылатынын атап өткен.

    Қариямен әңгіме барысында Бердібек Сапарбаев еңбек сіңген ардагердің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін, оның ұйымдастырушылық қабілетін және біліктілік қасиеттерін тілге тиек етті.

    Тілеуқабыл Төребекұлы әлі күнге бақуатты. Ақсақалдың тұлғасында даналық пен абыздық әдемі жарасым тапқандай. Өңір басшысы Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, ардагерге бір миллион теңгегелік сертификат табыс етті.

    Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы

    Оқылып жатыр

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

    29/09/2026

    Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

    29/09/2026

    Тоқаев ресми сапармен Германияда жүр

    29/09/2026

    Қазақстанда кедейлік 5%-ға төмендеген

    29/09/2026

    Алматы мен Алматы маңында бір күнде үш рет жер сілкінді

    28/09/2026

    Алматыда коммуналдық төлемнің бір бөлігі қымбаттайды

    28/09/2026

    Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында рекорд орнатты

    28/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.