Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 21 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

      21.07.2026

      АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

      21.07.2026

      Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

      21.07.2026

      Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

      20.07.2026

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде нәресте көз жұмды

    Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде нәресте көз жұмды

    Өңір тынысы 15.04.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде нәресте көз жұмды. Себебі — белгісіз. Шу ауданының тұрғыны егіз баласының дене ыстығы көтеріліп, жөтелі тыйылмаған соң медининалық мекемеге жүгінген, — деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

    Бейнежазбада 7 айлық егіздер Ева мен Дарияның Шу аудандық ауруханасында жатқаныны анық көрінеді. Мұнда жөтел мен дене қызуына байланысты түскен. Нәрестелердің анасының айтуынша, балалардың бірі тамақты қыздыру ем шарасынан кейін қан құса бастаған. Облыс орталығынан келген дәрігерлер ем жасағанымен, нәтиже шықпапты. Нәрестенің қандай кінәраттан қаза тапқанын дәрігерлер нақты айтпай отыр.

    «Таңертең баланың іші ісіне бастады. Бізге зонд және тыныс алу аппаратын орнатқан болатын. Дәл сол зонд арқылы мұрыннан қан шығып отырған. Түні бойы бізге бірде-бір дәрігер жақындап, жағдайымызды сұрамады. Ал Тараздан келген мамандар ем қабылдай бастағанда, балапанымнан айырылып қалдық», — деді қайтыс болған баланың анасы Александра Семёнова.

    Ал егіздің сыңары қазір Тараз қаласындағы емханада жатыр. Дәрігерлер балада пневмония бар деп, арнайы медициналық авиация арқылы облыс орталығына алдыртқан. Оның да жағдайы мүшкіл. Ақ халаттылардың айтуынша, тиісті ем-дом жасап жатыр.

    «Бізге 10 сәуірде сағат 20:00-де Шу аудандық ауруханадан Семенова Ева 7 айлық қыз ауыстырылды. Ауысқан кезде жағдайы орташа хәлде түсті. Көрсетіп жатқан ем-шаралар хаттама бойынша жүргізіліп жатыр», – деді Балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Перизат Халықова.

    Ал облыстық Денсаулық сақтау департаменті баланың өлімі жайлы ақпарат беруден бас тартты. Себебі тексеру іс-шарасы аяқталмаған. Ал полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

    «Аталған факт тіркелді. Соталды тергеу амалдары басталды. Баланың денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық зерттеу тағайындалды. Қазір жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр», – деді Жамбыл облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Гүлсара Мұхтарқұлова.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.