Close Menu
    Оқылып жатыр

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026

      Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

      20/10/2026

      Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

      20/10/2026

      Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

      20/10/2026

      Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысының Полиция департаменті облыстық ата-аналар жиналысын өткізді

    Жамбыл облысының Полиция департаменті облыстық ата-аналар жиналысын өткізді

    Өңір тынысы 03/12/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ мәселе» тақырыбында облыстық ата-аналар жиналысын өткізді.
    Бүгінгі күнгі қоғам талқысындағы өзекті мәселені көтерген жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров және Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай қатысты. Сондай-ақ жиында облыстық Білім басқармасының қызметкерлері, облыстық Ата-аналар комитетінің мүшелері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, Қамқоршылық кеңесі және жеке күзет ұйымдарының өкілдері болды. Сонымен қатар, осы күні аталған жиналыс Тараз қаласында және облыстың 10 ауданында полиция бөлімдерінің бірінші басшыларымен бір уақытта өткізілді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау, түйткілді мәселелерді ақылдаса отырып, шешімін табу болды. Осы мақсатта облыстық Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев полиция қызметкерлерімен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті. Сондай-ақ, мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту үшін бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. Олар – мектеп ғимараттарына бөгде адамдардың кірмеуін және аулаларында құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін арнайы күзет мекемелерімен шартқа отыру, кіреберіске өткізу турникеттерін орнату, ата-аналар жиналыстарын ұдайы түрде ұйымдастыру, қауіпсіз мектеп жолы аясында мектепке келер жолдарының сызбасын жасап кезекшілік ұйымдастыру, сабақ уақытында себепсіз жүрген оқушылардың жүруін қатаң бақылауға алу, сабақ болмаған жағдайда ата-аналарға оқушының ерте кеткені туралы міндетті түрде хабарлау.
    А.Оразалиев өз сөзінде: «Полиция тарапынан кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алайда, бұл мәселеде, тек полицияның қызметі жеткіліксіз. Балалардың бос уақытын қалай өткізуі, мектепке келмеген жағдайда не істейтіні, ғаламтор желілерінде қандай ақпараттарды қарайтыны, кіммен араласатыны туралы, біріншіден, оның ата-аналары, ұстаздары үнемі назарда ұстауы керек. Сондықтан, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық тиісті тұлғаларды жауапкершілікпен қарап, полициямен бірлесе жұмыс істеуге шақырамын»,- деді.

    Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

    полиция Тараз

    Оқылып жатыр

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

    20/10/2026

    ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

    06/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

    20/10/2026

    Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

    20/10/2026

    Давид Дегтяров Жапонияда рекорд жаңартты

    19/10/2026

    8 ақпан — ораза басталады: Мүфтият келер жылдың діни күндерін белгіледі

    19/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.