Close Menu
    Оқылып жатыр

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 26 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

      25.05.2026

      «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

      25.05.2026

      Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

      25.05.2026

      Әлемде мұнай бағасы арзандауда

      25.05.2026

      Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

      25.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысының тағы 10 ауылында пилоттық жоба жүзеге асады

    Жамбыл облысының тағы 10 ауылында пилоттық жоба жүзеге асады

    КӘСІПКЕР 12.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы биыл тағы 10 ауылдық округте жүзеге аса бастайды. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі.

    Күн тәртібінде мал жайылымы және қолдан ұрықтандыру мәселелері қаралды.

    Жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосыновтың айтуынша, жайылым жетіспеушілігін жою мақсатында ағымдағы жылы бірқатар жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда, жайылым жерлер көлемін 418 мың гектарға ұлғайту қарастырылған десек, оның 107 мың гектары босалқы жерлер есебінен, 166 мың гектары 5 шақырымдық радиуыста орналасқан жерлер есебінен, 146 мың гектары игерілмеген жерлер есебінен қалыптаспақ.

    — Біз ең алдымен «қоғамдық өріс» мәселесін шешуге тиіспіз. Мал басы көп шаруалар төрт-түлігін ауыл сыртына жайғаны дұрыс. Бұл үшін түсіндірме жұмыстарына барынша ден қою керек. Оған қоғам бірлестіктерін де тарту қажет. Бекітілген алгоритм және жайылымдарды пайдалануды реттеудің бес бағыты бойынша жұмыстарды күшейтіңіздер,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы мал өнімдерінің өнімділігін арттыру үшін асылдандырудың, қолдан ұрықтандырудың маңыздылығын атап өтті.

    Ветеринария басқармасының мәліметінше, қолдағы мал басы тұқымын асылдандыру мақсатында қосымша 8 ауданның 12 елді мекенінде 5 511 басты қолдан ұрықтандыруды жүргізу жоспарланып, осы елді мекендерде аталған басқарма мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу басталды және қолдан ұрықтандырушы ветеринарлар бекітілді.

    Басқосу барысында егін жинау, тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасының іске асу жайы қаралды.

    Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов аймақта егін ору науқаны басталғанына екі аптадан аса уақыт өткенін, қазіргі кезде бұл жұмыстар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу,  Шу аудандарында қызу жүріп жатқанын тілге тиек етті.

    Бүгінде облыс бойынша 66,3 мың гектар масақты дәнді дақылдар орылған. Одан 112,3 мың тонна өнім жиналса, әр гектардан алынған өнім 16,9 ц/га құрап отыр.

    Жалпы облыста биыл 370,0 мың гектар жерге дәнді масақты дақылдар егілген болатын. Оның 153,8 мың гектары бидай, 216,1 мың гектары арпа.

    Облыс әкімі егін орағына жұмылдырылған 539 комбайнның аз екенін, бұл істі ширату үшін комбайнның санын арттыра түсу керектігін атап өтіп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

    Аталған басқарма басшысы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы аясында облыстың тағы 10 ауылдық округі айқындалып отырғанын айтты. Бұл бағытқа «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы несиелендіруге бөлінген 6 млрд. 47,5 млн. теңге қаржы қарастырылуда. Қазіргі таңда жобаның бес бағыты бойынша ауылдық округтердің есептері нақтылануда.

    Нұржан Нұржігітов барлық дайындық жұмыстарын қазірден реттеп, пысықтап қою керектігін ескертті. Сондай-ақ, облыс орталығының құрамына енген, шаһар іргесіндегі мал шаруашылығына бейім тұрғын алқаптардың да жобаға ену мүмкіншілігін қарастаруды тапсырды.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026

    Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

    25.05.2026

    Әлемде мұнай бағасы арзандауда

    25.05.2026

    Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

    25.05.2026

    Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті

    21.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.