Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    FlyArystan рейсі кешіккені үшін сотта оңбай жеңілді

    04.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 5 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

      04.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      FlyArystan рейсі кешіккені үшін сотта оңбай жеңілді

      04.05.2026

      «Бәрібір шындық ашылады!»- «Дикий Арманның» видеосы тарады

      04.05.2026

      Вашингтонда Мұхтар Мағауин бейітіне құлпытас орнатылды

      04.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда заң бұзу фактілері 12 пайызға азайған

    Жамбылда заң бұзу фактілері 12 пайызға азайған

    Өңір тынысы 01.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылда жыл басынан бері тіркелген құқық бұзу фактілерінің саны 12 пайызға төмендеп, 7274-тен 6354-ке азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Атап айтқанда, өңірде пәтер ұрлығы — 37,4 пайызға, кісі өлтіру — 28,9 пайызға, қарақшылық — 27,8 пайызға, тонау — 24,7 пайызға кемісе, аса ауыр қылмыстарды ашу — 01,8 пайызға, ауыр қылмыстарды ашу — 85,3 пайызға артқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің есеп беру жиынында айтылды.

    Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовке аталмыш полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанындағы жұмыс қорытындысы туралы баяндады. Ол қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстарды азайту үшін, атап айтқанда ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, сондай-ақ оларды жасауға мүлдем төзбеушілік қағидасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау секілді алдын алу бойынша нақты шаралар қабылданғанын айтып өтті.

    Сондай-ақ, департамент басшысы жыл басында салынған айыппұлды бюджетке өндіру туралы әкімшілік тарапынан тоғыз айға қойылған жоспар 31 пайызға асырып орындалғанын жеткізді. Бұл орайда өндіріп алуға жоспарланған 407 миллион 381 мың теңге болса, бүгінгі күні өндіріліп жергілікті бюджетке түскені 590 миллион 689 мың теңгені құрап отыр. Сол секілді есепте тұрған адамдармен жұмысты ұйымдастыру және отбасы-тұрмыстық салада жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселесі де ерекше назарда екен. Нақтырақ айтсақ, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстар саны 28,1 пайызға қысқарған.

    Өңір басшысы Асқар Мырзахметов жұмыстың жүйелілігіне, әкімшілік істер бойынша айыппұлдардың қатаңдығына назар аударуға шақырды. Кәмелетке толмағандарға алкоголь сататын бизнес субъектілерінен лицензияларды қайтарып алу, барлық жол ережесін бұзушыларды атағы мен лауазымына қарамастан қатаң жазалау, вандализм фактілерімен ымырасыз күресу, экологиялық және табиғатты қорғау, мал ұрлығын азайту мәселелеріне айрықша көңіл бөлуді міндеттеді.

    Асқар Исабекұлы құқық қорғау органдарының жұмысын жандандыра түсуді, салада атқарылатын жұмыстардың аз еместігін ескернтіп, түйінді түйткілдерді шешу үшін мұқият талдау және кешенді тәсіл қажеттігін баса айтты.

    Жиында азаматтардың қауіпсіздігін және көшелердегі тәртіпті қамтамасыз етудің маңызы, мектеп инспекторларының мәртебесін көтеру бастамалары сараланды.

    Оқылып жатыр

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    FlyArystan рейсі кешіккені үшін сотта оңбай жеңілді

    04.05.2026

    «Бәрібір шындық ашылады!»- «Дикий Арманның» видеосы тарады

    04.05.2026

    Вашингтонда Мұхтар Мағауин бейітіне құлпытас орнатылды

    04.05.2026

    Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы жаңа иесін тапты

    04.05.2026

    Илон Масктың жаңа межесі: кәсіпкер дәулетін 10 трлн долларға жеткізбекші

    04.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.