Close Menu
    Оқылып жатыр

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

      15.07.2026

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда жыл соңына дейін 49500 азамат жұмыспен қамтылады

    Жамбылда жыл соңына дейін 49500 азамат жұмыспен қамтылады

    Өңір тынысы 15.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықпен кері байланысты нығайту, жұмыспен қамту, «Мейірім» жобасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

    Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхаммед Ниязбеков әлеуметтік желіде көтерілген өзекті мәселелер туралы хабарласа, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы мемлекеттік органдардың ресми сайттарының ақпарат-жаңалықтармен қамтылу деңгейіне жасалған талдау қорытындысын баяндады. Жамбыл облыстық «Бірыңғай диспетчерлік қызметінің» басшысы Бақкелді Тұрсынбек тұрғындардың өтініштеріне жауап беру барысы туралы айтты.

    Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

    — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – қоғам мен билік арасындағы диалогтың, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың негізі. Әр апта сайын біз мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысын нығайту мәселелерін қарастырудамыз. Бірақ әлі күнге дейін жұмысты жүйелей алмай отырған аудандар мен басқармалар бар. «Жұмыс жасаймыз, қолға аламыз…» деген сылтаулар қабылданбайды. Құрғақ уәдемен емес, іспен көрсетіңіздер, — деді облыс әкімі.

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспар, өзекті мәселелерге жан-жақты тоқалды. Оның айтуынша, биыл кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі Ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында 7,5 млрд. теңге бөлінген. Ақылы қоғамдық жұмыстарға Ұлттық қордан 2,6 млрд.теңге қаралуда.

    Ағымдағы жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 15741 адам қамтылды. Жыл соңына дейін 49500 жамбылдық қамтылатын болады. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 7438 отбасына (38 871 адам) АӘК тағайындалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 23,2 пайызға азайған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Отбасының цифрлық картасын» құру жұмыстары жүзеге асуда. Бұл жоба балалары бар табысы жоқ, көп балалы отбасы, мүгедек, асыраушысынан айырылған тағы басқа санаттағы адамдардың деректерін әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар алмау себептерін анықтау бойынша қайта тексеруді жүзеге асыру, олардың деректерін осы жүйеге енгізуді көздейді.

    Нұржан Нұржігітов  тиісті салалық басқарма мен бірқатар аудан әкімдіктерінің осы саладағы жұмыстарын сынға алды.

    — Басқарманың нақты жоспары жоқ. Әрбір бағыт бойынша нақты іс-қимыл жоспары әзірленуі тиіс. Ал ол үшін ағымдағы жағдайға терең талдау жүргізу қажет. Аудан, ауыл әкімдіктерінің де бұған барынша атсалысуы маңызды. Ешкімде нақты ақпарат жоқ. Кімнен сұрасаң да, «Жұмыс істейміз, шара қабылдаймыз», деген бір ғана жауапты аламыз. Халықты нәтижелі жұмыспен қамту – біздің басты міндеттеріміздің бірі, – деді Нұржан Нұржігітов.

    Аймақ басшысы тиісті басқармаға Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

    Жиында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау мақсатындағы «Мейірім» жобасының орындалу барысы да талқыланды. Жоба аясында барлығы 1334 бала қамтылды. Олардың есепшотына 36 миллион теңгеден астам қаржы аударылған.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.