Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда акциз бағасы өзгерді, жанармай қымбаттай ма?

    15/09/2026

    Қазақстан компаниялары Ресей бизнесіне 2 трлн теңгеден астам қарыз

    15/09/2026

    Елдегі криптонарық бақылауға алынады — Тимур Сүлейменов

    15/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 16 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда акциз бағасы өзгерді, жанармай қымбаттай ма?

      15/09/2026

      Қазақстан компаниялары Ресей бизнесіне 2 трлн теңгеден астам қарыз

      15/09/2026

      Елдегі криптонарық бақылауға алынады — Тимур Сүлейменов

      15/09/2026

      Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартты

      15/09/2026

      ЖИ әскерде: Ұлттық ұлан сарбаздарының ас мәзірі ерекше бақылауда

      14/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық балуан «Халық барысында» үшінші орын алды

    Жамбылдық балуан «Халық барысында» үшінші орын алды

    Өңір тынысы 27/05/2019
    Сурет Қазақстан барысы баспасөз қызметінен
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыда қазақ күресінің бір тармағы саналатын белдесуден «Халық барысы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Жамбыл облысының балуан Ғалымжан Қырықбаев үшінші орынды иеленді.

    Екінші рет ұйымдастырылған «Халық барысы» жарысына биыл 1000-ға жуық балуан қатысты. Халық арасынан шығатын барысты анықтау шарасы ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен ұйымдастырылды.

    Күрес мерекесіне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Ж.Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Д.Биткөзов, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті А.Шораев мырзалар қатысты.

    Сондай-ақ, шара барысында «Алашұлы», «Ұлытау», «Тұран», «Алдаспан» топтары өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтар мен атрибуттар насихатталатын театрландырылған шоу және акробатикалық көрсетілімдер, ат үстіндегі ұлттық спорт түрлерінің ерекшеліктері сахналанды.

    Белдесуге келген 1000-ға жуық балуан жарыстың бірінші күні іріктеу кезеңінен өтті. Ал турнирдің екінші күні 32 балуан өзара күш сынасты.

    Жарыс қорытындысы бойынша алматылық Дәурен Нұралинов белдесуден «Халық барысы» атанды. 9 миллион теңге сыйақыға ие болды. Ал жаттықтырушысы Мақсат Қиқымовқа 1 миллион теңге табысталды.

    Екінші орынды Қостанай облысынан келген Талғат Жиентаев иеленді. Ол 4,5 миллион теңге, диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды. Үшінші орынды Жамбыл облысынан келген Ғалымжан Қырықбаев еншіледі. Ол 2,7 миллион теңге жеңіп алды. Төртінші орын алған алматылық Ернар Мағауинов та сыйақыдан құралақан қалған жоқ. Ол 1,8 миллионның сертификатын алды.

    Екінші рет өткен турнир «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында ұмыт қалған көне балуандық өнеріміз «белдесу» спорт түрін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру, жастарды спортқа тарту, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттап, спорттық салт-дәстүрін сақтауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылды. 

    белдесу Ғалымжан Қырықбаев Халық барысы 2019

    Оқылып жатыр

    Рыбакина US Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды

    14/09/2026

    Президент тоғызқұмалақ шеберлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

    11/09/2026

    ДКО-2026 жарысында сәтті өнер көрсеткен ұлттық құраманы Тоқаев құттықтады

    07/09/2026

    Көшпенділер ойындары: Қазақстан тоғызқұмалақтан төрт алтын алды

    06/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда акциз бағасы өзгерді, жанармай қымбаттай ма?

    15/09/2026

    Қазақстан компаниялары Ресей бизнесіне 2 трлн теңгеден астам қарыз

    15/09/2026

    Елдегі криптонарық бақылауға алынады — Тимур Сүлейменов

    15/09/2026

    Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартты

    15/09/2026

    ЖИ әскерде: Ұлттық ұлан сарбаздарының ас мәзірі ерекше бақылауда

    14/09/2026

    «ЖИ адамзатқа қауіп төндіреді»: Anthropic басшысы ескерту жасады

    14/09/2026

    Қызылордада полицей өліміне күдікті азамат ұсталды

    14/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.