Close Menu
    Оқылып жатыр

    Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

    23.04.2026

    Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

    23.04.2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 24 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

      23.04.2026

      Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

      23.04.2026

      Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

      23.04.2026

      Атақты «Ялла» тобының жетекшісі Тоқаевтың қолынан орден алды

      23.04.2026

      Қазақстан үшін «+1 визасыз ел»

      23.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық оқушылар әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойына белсене атсалысты

    Жамбылдық оқушылар әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойына белсене атсалысты

    Өңір тынысы 10.12.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Биыл 10 қаңтарда әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын атап өту шаралары ресми түрде бастау алды. Елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап,  мерейтойды дайындау  және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегінде мем комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден аса іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде  халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар.  

    Жамбыл облысында Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдығына орай түрлі шаралар өткізілді. 17 ақпанда ұлы ойшылдың мерейтойына орай ұйымдастырылған «Әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты 8-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық эссе жазу байқауы өтті. Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйытқы болуымен өткен байқауға облыс бойынша 24 оқушы қатысып, өзара бәсекеге түсті. Байқау шарты бойынша оқушылар «Екінші ұстаз» атанған ұлы философ Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы, еңбектері, даналығы туралы шығарма жазды. Үздік деп танылған 9 оқушы облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

    27 ақпанда Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Әл-Фараби тағылымы» атты облыстық байқау өтті. «Екінші ұстаздың» мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауға қалалық және аудандық іріктеу кезеңнен жеңімпаз атанған 70 оқушы қатысып, бақтарын сынады.

    Ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығын оқушылар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған білім бәйгесі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда…», «Данышпандықтың інжу маржаны…», «Мен сомдаған Фараби…» атты 3 номинация бойынша өтті. Байқау барысында оқушылар әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына қатысты интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, ұлы ойшылдың тіл, әдебиет, музыка, риторика, философия, жаратылыстану салаларындағы еңбектеріне қатысты ғылыми жобалар қорғады.

    Одан бөлек қатысушылар ғұламаның өмір жолы мен шығармашылығы туралы сахналық қойылым құрып, әділқазылар алқасы сахна мәдениеті, киім үлгісі, актерлік шеберліктерін бағаланады. Тартысты сайыс нәтижесінде І орынды Т.Рысқұлов ауданының командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орын Жамбыл және Меркі ауданының командаларына бұйырса, Байзақ, Талас аудандарының командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

    Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылған Ұлы ойшылдың даналық ойлары мен нақыл өсиеттерінен үзінді оқу эстафетасы

    6 мамырда облыстық білім басқармасының қолдауымен Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі шығыс ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әлем өркениетіндегі Фараби феномені» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференция өткізді.

    Конференцияның мақсаты – адамзаттың ұлы ұстазы, энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани, ғылыми мұрасын насихаттау және оның шығармашылық, ғылыми мұрасына халықтың және жұртшылықтың назарын аудару.Ғылыми-практикалық конференция барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми трактаттарының негізгі принциптері талқыланып, оның шығармаларын насихаттау сөз болды.

    30 қазанда «Әл-Фараби – түркінің ұлы ғұламасы» атты ғылыми семинар өтті. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, күллі түркі жұртының бас ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде 2020 жылы атап өтілетіндігі жөнінде алғаш 2019 жылдың наурызында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінде айтылды. Одан кейін мемлекет басшысының арнайы қаулысымен бекітіліп, жер-жерге Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығын атап өту туралы нақты тапсырмалар берілген.

    Аталмыш датаны Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы қызметкерлері де атап өтуді мақсат етіп, ойшыл ғұлама туралы ғалымдардың пікірін тыңдау үшін семинарға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы, философия ғылымының кандидаты, доцент Жүншеев Расылхан Ерболсынұлы арнайы шақырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында өткізілген онлайн іс-шараны мекеменің бөлім меңгерушісі Назым Қожамарова жүргізді. Расылхан Ерболсынұлы философия ғылымы негізіндегі Әл-Фараби туралы зерттеулерге тоқталып, ғұламаның еңбектерін Аристотель, Абай тұжырымдарымен салыстырмалы түрде түсіндірді.

    Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындар» атты еңбегіне ғылыми талдау жасап, ондағы саясат ұғымын ғалым «ел басқару өнері» ретінде қарастыруы Аристотельден басты айырмашылықтарының бірі екенін атап көрсетті. Осы сынды дәйектерді келтіре отырып, Әл-Фарабиді Аристотелден кейінгі екінші ұстаз дегеннен гөрі, «Шығыстың Аристотелі» деп атауды ұсынды.

    Сонымен қатар Әл-Фараби бабамыздың қазақ екенін дәлелдеп, көп даудың нүктесін қойған азамат, философ ғалым Ақжан Машани екенін де ерекше атады. Қазіргі таңда көп жұмыс науқаншылықпен өтіп, негізгі мазмұны айтылмайтындығына өз көзқарасын білдірді. Осы ретте ғұламаның мерейлі датасын атап өту барысында оның айтқан тұжырымдарына баса назар білдірілсе, жазып қалдырған тұжырымдары өмірде пайдаланылса нұр үстіне нұр болатындығы деген ниетін де жеткізді. Семинар қорытындысы бойынша кез-келген қоғамның деңгейі — адам құнымен, ал адам құны оның білімімен, ізгілік ниетімен, тәлім-тәрбиесімен артатындығы туралы тұжырым жасалды.

    Әл-Фараби Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

    13.04.2026

    Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

    09.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

    23.04.2026

    Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

    23.04.2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026

    Атақты «Ялла» тобының жетекшісі Тоқаевтың қолынан орден алды

    23.04.2026

    Қазақстан үшін «+1 визасыз ел»

    23.04.2026

    Жетімдердің үй кезегі неге жылжымайды: сенаторлар үкіметке сауал жолдады

    23.04.2026

    Қырғыздардың орысша атауларды өзгертуіне Дума депутаты қарсылық білдірді

    23.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.