Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 24 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық жастар жақсылық жасап жарысып жүр

    Жамбылдық жастар жақсылық жасап жарысып жүр

    КӘСІПКЕР 25.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгінде әлемде волонтер саны 1 миллиардқа жуықтапты. Қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары елімізде де жыл санап артып отырғаны байқалады. Бейресми дерек бойынша, әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда екен, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Бұл ретте Жамбыл облысында да бірнеше волонтерлік қауымдастықтар жұмыс істеп, жақсылық жасап жарысып жүр. Соның бірі – «Қазақстан волонтерлер лигасы». Қазіргі таңда қозғалыстың бір филиалы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жұмыс істейді. Ұйым жастары «мен қоғамнан не аламын деп емес, мен қоғамға не бере аламын» деген ұстаныммен мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қарт кісілердің үй шаруасына жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетуде. Одан бөлек әртүрлі жәрмеңке, акция, квест ойындарын өткізіп жүр. 

    М.Х.Д улати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі «Қазақстан волонтерлер лигасы» былтыр Тәуелсіздіктің 30 жылдығын кең көлемде атап өту мақсатында ізгі жобаларға басымдық беріпті. «Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, батырмын деп мақтанба, барып қайтпай» деген ұстанымды тұтқа еткен еріктілердің абзал істері үлкен құрметке ие.

    – Ерікті жастар «Бала – біздің болашағымыз» жобасы аясында «Қамқор жүрек» қайырымдылық үйіне барып, көңілі жарымжан балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Онымен қоса мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленіп жатқан мектеп-интернатта болып, қиын жағдайдағы аналарға да қол ұшын созды. Сонымен қатар «Менің арманым» кооперативтік қорымен бірлесе отырып, алты жасар Көркем есімді қыздың арманын орындауға мұрындық болды. 

    Былтыр Байзақтағы жарылыс кезінде де халыққа көмек көрсету және бүлінген нысандарды қалпына келтіру барысында волонтерлердің атқарған жұмыстары аз емес. Жастар қиындықтардан қорықпай, сын сағатта халыққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. 

    Сондай-ақ университет волонтерлері облыстық полиция департаментімен, «Жасыл Ел-Тараз» мекемесімен бірлесіп акция өткізді. Наурыз мерекесіне орай «BAURSAK PARTY» акциясын ұйымдастырдық.

    Жыл сайын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университетінің волонтерлері «Қасиетті Рамазан» атты іс-шара өткізетінінен хабардармыз. Сондай-ақ былтыр студент жастар облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірге «Берекелі дастарқан» ауызашар қоржындарын таратты. Іс-шарада таратылған ыстық тағамдар «Төрткүл» керуен сарайында әзірленді. Осы игі шараны ұйымдастыруға Тараз қаласының жастар ұйымдары үлкен үлес қосты.

    Волонтерлер екі апталық «Қамқор жүрек» жобасын жүргізіп, одан басқа түрлі салалық рейдтерге қатысты. Сондай-ақ Тараз өңірлік университеттің волонтерлері үнемі «Өмір сыйла» акциясы аясында донор болып, қан тапсырып тұрады. Еріктілер қан тапсыру арқылы өзге біреудің тағдырын құтқара алатынына нық сенімді, – дейді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі «Қазақстан волонтерлер лигасы» филиалының төрағасы Мақсұт Шалабек. 

    Осылайша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұжымы студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың тұлға ретінде қалыптасуына зор мән беруде. Қоғамдық жұмысқа белсене араласып, ерікті түрде қайырымды істер жасауға асығатын осындай көшбасшы студенттердің келешекте ұлтжанды азамат болып жетілері даусыз.

    Н.Смағұл, Тараз қаласы

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.